Көрмедегі веб-портал

11 сәуір, 2019

Ұрпақтар сабақтастығы, болашақтағы даму жөніндегі стратегиялық бағыттар және әлеуметтік міндеттемелердің орындалуы «Ембімұнайгаз» АҚ-ның (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания)18-ші «Атырау Мұнай және Газ-2019» жыл сайынғы Солтүстік Каспий аймақтық көрмесіндегі (бұдан әрі – көрме) стендінде көрініс тапты. 

Биыл ЕМГ стендінде Бешімовтер династиясы белгіленген. Айта кетсек, әулеттің негізін қалаған Бешім Қызылбасов  1926 жылы Жылыой ауданында алғашқы кен алаңын тапқан. Кейін ол Қосшағыл және Төлес кеніштерін ашуға атсалысты. 

Атап өту керек, қазіргі таңда Компанияда мұнайшы мамандығын жанына серік еткен 20-дан астам мұнайшы әулеті өкілдері еңбек етеді. Еңбекші әулеттердің арқасында компанияда ұрпақтар сабақтастығы сақталып, жинақталған бай тәжірибе атадан балаға мұра болып жетіп келеді. Өскелең ұрпақтың бойында еңбексүйгіштік қасиеті, өз мамандығына деген мақтаныш сезімі қалыптасады. 

Стенд аясында Компания көрмеге қатысушыларға «ЕМГ коммерциялық ұсыныстар базасының ақпараттық жүйесі» жаңа веб-порталын - http://tru.emba.kz таныстырды. Аталған жүйе Компанияның өндірістік бағдарламасын қамтамасыз ету үшін тауарлық құндылықтардың (тауарлардың және материалдардың) сұраныстарына баға белгілеу процесін жүзеге асыруға арналған және пайдаланушыларға Интернетке қосылған кез келген компьютерден жеткізуші ретінде тауарға арналған бағаны ұсынуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, ЕМГ қызметкерлері көрме аясында «Petrocounsil» мұнай-газ саласындағы стратегиялық серіктестіктер кеңесі мен «Iteca» ЖШС ұйымдастырған «Мұнай-газ саласын цифрландыру және жергілікті қамту» конференция жұмысына қатысты.

«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады.  2012 жылдың 1 қазанынан 2018 жыл аралығында республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 897 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды.  «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.