Әке жолын жалғаған ер

21 желтоқсан, 2018

Кеше, 20 желтоқсанда «Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) Басқарма төрағасы Ә.Е.Жақсыбеков «Доссормұнайгаз» МГӨБ №1 «Ботақан» мұнай және газ өндіру цехының 5-разрядты операторы Қасен ОҢАЙБАЕВТЫ қабылдады. Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында ҚР Президенті Жарлығымен ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталған болатын.

- Компаниямызда отыз жылдай уақыт еңбек еткен кезінде Қасен Қабиұлы өз ісінің шебері екенін дәлелдеді. Мұнайшылар әулетінің өкілі ретінде Қарсақ кен орнында машинист қызметін атқарып, екі мәрте «Еңбек ері» атанған әкесі Қаби Оңайбаевтың абыройлы жолын жалғады.  Ембілік мұнайшылардың еңбегін Елбасының жоғары бағалауы – компаниядағы ұрпақтар сабақтастығының сақталғандығының және жұмысшылардың кәсіби біліктілігін тағы да аңғартады, - деп атап өтті құттықтау сөзінде ЕМГ Басқарма төрағасы Әнуар ЖАҚСЫБЕКОВ.

Қасен Оңайбаев еңбек жолын 1981 жылы «Ембімұнай» бірлестігінің «Доссормұнай» МГӨБ-нің Қарсақ кен орнында оператордың көмекшісі болып бастады. Отан алдындағы әскери борышын өтеп келген соң, аталған кен орнында жұмысын жалғастырып, екінші, үшінші, төртінші разрядты мұнай және газ өндіру операторы болып қызмет етті. 2005 жылдан бастап «Доссормұнай» МГӨБ №1 «Ботақан» мұнай және газ өндіру цехында 5 разрядты оператор болып еңбек етуде.

Мұнай-газ саласының дамуына қосқан ұзақ жылдар бойғы еңбегі үшін 2002 жылы Ботахан кен алаңының 20 жылдығына орай «Доссормұнай» МГӨБ-нің Құрмет грамотасымен, 2011 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның «Доссор кен алаңына 100 жыл» мерекелік төсбелгісімен марапатталған.                                                                                               

«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz   тел: 8 (7122) 99-32-09 (қазақ тілінде)

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады.  Соңғы бес жылда «Ембімұнайгаз» АҚ республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 833 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға -4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.