2018 жылдың 20-қыркүйегінде ЕМГ республикалық, облыстық және аудандық БАҚ өкілдеріне баспасөз-турын ұйымдастырды

21 қыркүйек, 2018

Журналистер мен ҮЕҰ өкілдері «Ембімұнайгаз» АҚ-да (бұдан әрі Компания немесе ЭМГ) ұйымдастырылған баспасөз-туры барысында интерактивті мұражаймен, өндірістік процесті жедел басқару орталығының жұмысымен, мұнай өндірудегі жаңа технологиялармен танысты. 

2018 жылдың 20-қыркүйегінде ЕМГ республикалық, облыстық және аудандық БАҚ өкілдеріне баспасөз-турын ұйымдастырды. Сонымен қатар, шараға үкіметтік емес ұйымдардың да өкілдері қатысты. 

Баспасөз турының бағдарламасы екі кезеңнен тұрды. Алдымен, баспасөз-турына қатысушыларға Компанияның интерактивті мұражайы мен өндірістік процесті жедел басқару ортылығы таныстырылды.

- Мен сіздерді 95 жылдан астам тарихы бар Компаниямызда қарсы алып отырғаным үшін қуаныштымын. Дегенмен, ембілік кен орындардың игерілу тарихына 100 жылдан астам уақыт өтті. Келер жылы алғашқы Қарашүңгіл кен алаңы игерілуінің 120 жылдығын тойлаймыз. Сонымен қатар, сіздер өндірісте қолданылып жатқан жаңа технологияларды, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бағытында жүзеге асып жатқан жаңа жобаларды, шығындарды оңтайландыра отырып, ембілік мұнайшылардың әлеуметтік пакетінің сол күйінде сақталуы туралы көріп, біле аласыз, - деп атап өтті Басқарма төрағасы Әнуар ЖАҚСЫБЕКОВ баспасөз-турына қатысушыларымен кездесу барысында.  

Компанияның басшылық құрамымен кездесуде БАҚ қызметкерлері мен ҮЕҰ өкілдеріне ЕМГ-нің өндірістік қызметі туралы айтылып, еңбек пен қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік міндеттемелерді жүзеге асыру бағытындағы тың бастамалар (анықтама төменде келтірілген) кеңінен түсіндірілді.

Шараның екінші бөлігінде баспасөз-турына қатысушылар Атырау облысының Исатай ауданында орналасқан «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының Забурын кен алаңына барды. Аталған учаскеде 2014 жылдан бері мұнай тұтқырлығы мәселесін шешу және мұнайды алу коэффициентін арттыру мақсатында полимерлі суландыру жобасы жүзеге асуда. Бұдан әрі баспасөз-турына қатысушылар Батыс Новобогат кен алаңында болды. Мұнда қазіргі таңда барлау бұрғылау жұмыстары жүруде. Бұл жерде баспасөз-турына қатысушыларға Компанияның геологиялық барлау бағытындағы жоспарлары туралы айтылды.

БАҚ қызметкерлері және ҮЕҰ өкілдерінің Ембіге сапары мерекелік дастарханда жалғасты.

«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09;

 Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады.  Соңғы бес жылда «Ембімұнайгаз» АҚ республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 833 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға -4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.