«Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ немесе Компания) қызметкерлері Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай мемлекеттік марапаттарға ұсынылды

16 шілде, 2018

Тарихи маңызы зор шара қарсаңында Компанияның бір топ қызметкерлерінің еңбектері Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ және «KAZENERGY» Ассоциациясы басшылығы тарапынан жоғары бағаға ие болды.

 - Сіздерді жоғары марапатқа ие болуларыңызбен құттықтаймын. Соңғы 20 жылда әлем елдері арасында жоғары мәртебеге ие болған мықты тәуелсіз мемлекет құрылды. Бұл табыстағы біздің үлесіміз мемлекет басшысы мен салалық бірлестіктің басшылары тарапынан  жоғары бағаланып отыр, -деп марапатқа ие болған Компания қызметкерлерін ЕМГ Басқарма төрағасы Әнуар ЖАҚСЫБЕКОВ құттықтады.

Марапатқа ие болғандар арасындағы ЕМГ қызметкерлері:

- АЙТБАЕВ Ташкент Боранғалиұлы «Ембімұнайгаз» АҚ «Ембімұнайэнерго» басқармасының басшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің 20 маусым 2018 ж.  №706 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының және оның астанасының дамуы мен қалыптасуына қосқан ерекше үлесі үшін   «Астана 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.

-ТАСМАҒАМБЕТОВА Рысты Нұрғалиқызы«Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, «KAZENERGY» Ассоциациясы төрағасының 29 маусым 2018 ж. №87 өкіміне орай Қазақстан Республикасы мұнай-газ және энергетикалық кешеннің дамуына қосқан кәсіби үлесі мен еңбегін көтермелеу үшін, сонымен қатар «KAZENERGY» Ассоциациясымен әріптестік байланыс орнатуда белсенділігі үшін медальмен марапатталды.

- ШАРАФЕТДИНОВА Гүлбану Әбутәліпқызы – «Ембімұнайгаз» АҚ мамандарды басқару және еңбекке ақы төлеу департаментінің директоры, «KAZENERGY» Ассоциациясы төрағасының 29 маусым 2018 ж. №87 өкіміне орай Қазақстан Республикасы мұнай-газ және энергетикалық кешеннің дамуына қосқан кәсіби үлесі мен еңбегін көтермелеу үшін, сонымен қатар «KAZENERGY» Ассоциациясымен әріптестік байланыс орнатуда белсенділігі үшін медальмен марапатталды.

«Ембімұнайгаз» АҚ ұжымы атынан әріптестерімізді жоғары марапаттарымен құттықтаймыз!

«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін: 

Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09 (қазақ тілінде);

Қарасай ТӨЛЕГЕНОВ K.Tulegenov@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-34-80 (орыс тілінде).

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. Соңғы бес жылда «Ембімұнайгаз» АҚ республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 696 млрд. теңге шамасында, қайырымдылық пен демеушілік шараларына -2,3 млрд. теңге, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға -2,8 млрд. теңге қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.