«Ембімұнайгаз» АҚ-да (бұдан әрі – ЕМГ немесе Компания) «Мұнайшы қыз» әйелдер клубы құрылды

06 наурыз, 2018

Атырау қ.

8-наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ЕМГ-да «Мұнайшы қыз» әйелдер клубы құрылды. 2018 жылғы 6-наурызда Компанияның акт залында аталған клубтың жұмыс жоспарына сай алғаш рет «Мен – әйелмін. Әлемнің анасымын!» атты конференция өтті. Оған Компанияға қарасты барлық өндірістік құрылымдық бөлімшелер мен Орталық аппараттан жүзден аса нәзік жан қатысты.

Конференцияға қатысушылар алдында құттықтау сөз сөйлеген Басқарма төрағасы Әнуар Еркінұлы ЖАҚСЫБЕКОВ өндірістегі қазіргі әйелдің рөліне баса мән бере отырып, әйелдер клубының құрылып отырғандығын жеткізді.

- Ембі өндірісін дамытуда мұнайшы қыздардың үлесі мол. Өндірістік жоғарғы көрсеткіштерге тұрақты қол жеткізуде ерлермен бірге иық тірестіре бір сапта жүрген мұнайшы әйелдер ұлкен рөл атқарып келеді. Ауыр да қызу жұмыстың ортасында жүрген сіздерге үлкен рахмет айтамын. Компанияның өндірістік қызметі мен қоғамдық жұмысына деген әйелдердің белсенділігін арттыруға септігін тигізетін клуб жұмысына табыс тілеймін, - деп атап өтті Ә.Жақсыбеков.

Конференцияда «Қоғамдағы әйелдің рөлі» тақырыбында баяндама жасаған Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Рысты Нұрғалиқызы ТАСМАҒАМБЕТОВА қоғамдағы қазіргі заманғы әйелдің рөлі жыл сайын ерекше маңызға ие болып келе жатқанын баса айтты. Компаниядағы мыңнан астам әйел өндірісте ерлермен тең жұмыс жасап келеді. Қызмет барысында олар өздерін кәсіби біліктілігі жоғары маман ретінде дәлелдеп жүр. Әйелдер клубын құру мен конференция ұйымдастырудағы мақсат –  Компаниядағы қыз-келіншектердің ашық ортада жұмыс істеуіне жол ашу, белсенділігін арттыру.

Конференцияға қатысушыларға мерекелік концерт ұйымдастырылды.

«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09 (қазақ тілінде);

Қарасай ТӨЛЕГЕНОВ K.Tulegenov@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-34-80 (орыс тілінде).

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау.

«Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары.

«Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады.

Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады.

Соңғы жылдарда Компания республикалық және жергілікті бюджетке салық түрінде 654 млрд. теңгеден астам, өңірлік инфрақұрылымды дамытуға 2,3 млрд. теңге, демеушілік пен қайырымдылық ретінде 2 млрд. теңге қаражат бөлді.

«Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.