«Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамында ( әрі қарай - ЕМГ немесе Компания) жылдың үздік қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті. «Жыл үздігі» атағын беру – бұл Компанияның корпоративтік дәстүрлерінің бірі, қызметкерлерді қолдау және дамыту бағытындағы өз тиімділігін дәлелдеген маңызды шара.
Конкурс қызметкерлер үшін ынталандырушы фактор болып табылады және мұнайшыларды өндірістік көрсеткіштерді жақсартуға ұмтылумен қатар, қауіпсіздік ережелерін қатаң орындауға, қоғамдық іс-шараларда белсенділік танытуға және жеке бастамаларын қолға алуға итермелейді.
«Ембімұнайгаз» АҚ-ның жыл үздігі атану мүмкіндігі барлық қызметкерлерге де ортақ. Жеңімпаздарды іріктегенде әртүрлі салалардағы жетістіктері есепке алынады. Әрине, ең алдымен өндірістік табыстар мен тәртіп дегенімізбен, басқа салалар бойынша да көшбасшылық қасиеттерге ие болғаны, яғни, даму мен оқуға дайындық, шеберлікті арттыру және позитивті жеке қасиеттер де маңызды. Конкурста жеңіске жету оңай емес, бірақ, үлкен жетістік. Сондықтан, «Жыл үздігі» атану – бұл жыл бойы табысты еңбек етіп, үлгі болуға ынталандыратын маңызды себеп», – деді марапаттау рәсімінде «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директорының міндетін атқарушы Рысты Тасмағамбетова.
Биылғы қорытындылар бойынша 6 номинацияның жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды. Әр аталым бойынша үздік болып танылған қызметкерлердің бұл жеңісі – жыл бойы жақсырақ, белсендірек және өнімді еңбек етуге бағытталған жеке күш-жігерінің нәтижесі.
Сонымен қатар, «Жыл үздігі» салтанатты шарасы барысында «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы қызметкерлерінің арасында осы жылдың қазан айында Ақтау қаласында өткен «Үздік маман-2024» кәсіби шеберлік байқауының жүлделі орын иегерлеріне де марапат табысталды. Айта кетейік, аталмыш конкурсқа «Ембімұнайгаз» АҚ атынан 15 номинация бойынша жұмысшы кәсіптерінің 20 өкілі қатысты. ІІІ турдың қорытындысы бойынша, ембіліктер 5 бірінші орын, 6 екінші орын иегерлері қатарынан көрінді. www.emba.kz.
Номинациялар бойынша жеңімпаздар:
БАҚ-пен байланыс үшін:
Ғалия ҚАРАЖАНОВА: G.Karajanova@emg.kmgep.kz, +7 (7122) 99-34-21
Индира САТЫЛҒАНОВА: І.Satylganova@emg.kmgep.kz, +7 (7122) 99-34-66
Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ - «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен-Атырау-Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы «Qazaq Gaz» ҰК» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2023 жыл аралығында Ұлттық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 608 млрд. 835 млн. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 6 млрд 437 млн теңгеге жуық қаражат аударды.