Әлеуметтік жауапкершілік

2012 - 2019 жылдар аралығында республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн. теңгеден астам қаражат аударды. Аталған кезең аралығында өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді.

Бұған қосымша келісім-шарт міндеттемелеріне сәйкес ЕМГ қазақстандық мамандарды даярлауға: компания қызметкерлерінің біліктілігін дамытуға және қазақстандық студенттердің жоғары және арнаулы орта білім беру ұйымдарында оқу ақысын төлеуге  қомақты қаражат бөліп келеді.

Компания қайырымдылық және демеушілік көмек көрсету үшін 2012 - 2019 жылдарда 2 миллиард теңгеден астам қаражат аударды. Соңғы үш жылда Компания 170-тен астам қоғамдық ұйымдарға  және кәмелеттік жасқа толмаған, ауыр дертпен ауыратын балаларға көмек көрсетті.

2015-2018 жылдар аралығында жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған С.Қазыбаев атындағы балалар үйі, облыстық және қалалық ардагерлер ұйымы, облыстық аурухана, қарттар үйі,  мүгедектер қоғамы, Атырау облыстың перинаталдық орталығы және т.б. Компанияның демеушілік көмектеріне ие болды.

2015-2018 жылдар аралығында Балаларды қорғау күні мен жаңа жылдық мерекеге орай әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балалары үшін арнайы шаралар ұйымдастыруды дәстүрге айналдырды. Жыл сайынғы жаңажылдық ертеңгілікке арнайы емдеу мекемелеріндегі 1000-нан астам  бала қатысып келеді. Компания көмек көрсеткен тұлғалар арасында онко ауруымен ауыратындар, церебралды сал ауруына шалдыққан және  шет елдерде дереу ем алуды керек еткен балалар бар. «Ембімұнайгаз» АҚ ұжымы үнемі азаматтық белсенділігімен және әлеуметтік жауапкершілігімен ерекшеленіп келеді.

2015 жылы ембіліктер жинаған қаражатқа мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған Атырау қаласы 4 отбасының үйі күрделі жөндеуден өтіп, жалғызілікті зейнеткерге жаңа баспана салынды.

2016 жылы көпбалалы, оның 2-уі ауыр науқасқа шалдыққан Атырау қаласының тұрғынына жаңа баспана салынды.

2018 жылы Компания ұжымы Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен жандарға көмек көрсетті. Мұнайшылардың өз еріктерімен жиналған қаражат «Біздің қала-Зыряновск» қайырымдылық қорына аударылып, баспаналары судың астында қалып, жарамсыз деп танылған Малеевск, Зубовск және Зырян қаласы маңындағы тұрғындарға 4 пәтер, 3 үй сатып алынды.

2019 жылдың маусым айында «Ембімұнайгаз»  АҚ қызметкерлерінің бір күндік жалақысы есебінен Атырау облысының 5 ауданында – Құрманғазы ауданының Құрманғазы ауылында, Исатай ауданының Исатай стансасы мен Аққыстау селосында, Қызылқоға ауданының Жамансор елді мекені мен Мұқыр ауылында, Жылыой ауданының Құлсары қаласында, Мақат ауданының Мақат пен Доссор кенттерінде көп балалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға баспана кілттерін табыс ету шаралары өтті.

2019 жылдың шілде айында ЕМГ ұжымы республикалық «Арыс. Біз біргеміз!» акциясына қатысты. Ембіоіктердің өз еріктерімен жинаған қаражатына жарылыстан зардап шеккен Арыс қаласының әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларының 400-ден астам оқушысына мектеп киім- кешектері тарту етілді.

Арыс қаласында болған жарылыстан зардап шеккен отбасылар балаларын мектепке дайындауға көмектен соң осындай қайырымдылықты Атырау қаласы мен облысының әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына көрсету жөнінде де шешім қабылданды. Нәтижесінде, ембіліктер мұнайшылардың өз қаражаттарына биылғы жылы облысымыздың әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының 70 оқушысына мектептік киім-кешектер алынды.

Аталған қайырымдылық акциясын жүзеге асыру барысында ембілік мамандар Атырау облысындағы әр ауданда болып, отбасылардың жағдайымен танысты. Көмекке мұқтаж отбасылардың тізімін жергілікті әкімдіктер ұсынды. Бұл тізімге Компаниядан хат арқылы көмек сұраған, сонымен қатар, биылғы жылы ембіліктер сыйға тартқан сегіз әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылар балалары да кірді.

2019 жыл соңында«Ембімұнайгаз» АҚ ұжымы өз еңбекақыларынан ерікті түрде қаражат жинап, Атырау облысы мен қаласындағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың 200-ден астам баласына жаңа жылдық сыйлықтар табыстады. Компанияның өндірістік қызметін жүзеге асыратын Атырау облысының аудандарында тұратын балаларға ЕМГ өндірістік құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері сыйлықтар тарту етті.Естеріңізге сала кетейік, ЕМГ Басқарма төрағасы көтерген бастаманы «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ мұнайшылары жалғап, 2 миллион теңгеден астам жинап, Жылыой ауданының әлеуметтік аз қамтылған 12 отбасына көмек көрсетті.