Басқарма

Cәбит Әбілдаұлы Арынов

«Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы)

1977 жылы туған. Білімі жоғары, Қазақ ұлттық техникалық университетін «пайдалы қазбалар кен орындарын барлау технологиясы және техникасы» мамандығы бойынша бітірген (1999). Іскерлік әкімшілік магистрі дәрежесіне ие (МВА), Назарбаев университеті. Толығырақ

Қайрат Салауатұлы Көзов

Бас директордың геология және игеру жөніндегі орынбасары, Басқарма мүшесі

Атырау мұнай және газ институтын «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» мамандығы (2004 ж.) бойынша тәмамдады. Толығырақ

Рысты Нұрғалиқызы Тасмағамбетова

Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, Басқарма мүшесі

1986 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын «Тарих және педагогика» мамандығы бойынша, 2002 жылы Атырау мұнай және газ университетін «Кәсіпорындағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша аяқтады. Толығырақ

Мақсат Өркенұлы Жылқайдаров

Бас директордың коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары, Басқарма мүшесі

Қазақ гуманитарлық заң университетін «Юриспруденция, Халықаралық құқық» мамандығы (2009 ж.), М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «Стратегиялық менеджмент және кәсіпкерлік» (MBI) (2020 ж.) мамандығы бойынша аяқтады. Толығырақ

Гүлбану Әбутәліпқызы Шарафетдинова

Бас директордың кадр және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары, Басқарма мүшесі

И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «Басқарудың автоматтандырылған жүйесі» мамандығы (1987 ж.), М. С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетін «Іскерлік басқару, бизнес және басқару магистрі» (2020 ж.) мамандығы бойынша бітірген. Толығырақ

Асқар Әділбекұлы Тоқмурзиев

«Ембімұнайгаз» АҚ құқықтық қамту департаментінің директоры, Басқарма мүшесі

2008 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді. Толығырақ