Ақпараттарды ашу

«Ембімұнайгаз» (бұдан әрі - Қоғам) АҚ-нда жасақталған «Ақпаратты ашу және ұсыну» Ережесі Қоғам мен құрылымдық бөлімшелер қызметкерлеріне инсайдерлік, құпия және басқа да ақпараттарды анықтауға, оларды ашу және келісу тәртібіне негізделген.

Қазақстан Республикасының заңнамаларына, Қоғамның Жарғысына, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесімен бекітілген ҚМГ ҰК Ақпаратты ашу саясатына сәйкес дайындалған бұл Ереженің талаптары Қоғамның барлық қызметкерлеріне бірдей қойылады.

Компания Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына құпия ақпараттарды олардың құзыреттері аясында ҚР-ның бекітілген заңнамалық актілері, Қоғамның Жарғысы мен ішкі құжаттары аясында ашады.