«Ембімұнайгаз» АҚ-ның (бұдан әрі ЕМГ) жастар саясаты жас мамандардың кәсіби және интеллектуалдық потенциалын арттыру, шығармашылық белсенділігін дамыту үшін сапалы және тиімді мүмкіндіктерді ашуға бағытталған.
2024 жылдың 1-маусымдағы мәліметке сәйкес, Компанияда 36 жасқа дейінгі 600-ден астам жас маман еңбек етеді.
2013 жылдан бері Компанияда жас мамандарды еңбек ұжымына бейімдеу, ұжымдық мәдениет пен құндылықтарға тәрбиелеу мақсатында құрылған Жас мамандар кеңесі өз жұмысын сәтті жүргізіп келеді.
Жас мамандардың тұлғалық дамуы мен кәсіби біліктіліктерін арттыру мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылуда: көшбасшылық және іскерлік қасиетін дамыту мақсатындағы тренингтер, өзге мұнай-газ өндіру кәсіпорындарында тағылымдамадан өту шаралары, ұжымдық салалық ғылыми-техникалық байқаулар мен конференциялар, форумдар, патриоттық шаралар, спорттық жарыстар, Жас мамандар күні, қайырымдылық акциялар және т.б.
Жыл сайын жас мамандар Компанияның өндірістік және қоғамдық жұмыстарына белсене қатысып келеді.