1989 жылы Кузбасс политехникалық институтын «Құрылыс технологиясы машинасы, металл жонатын станоктар мен құралдар» мамандығы бойынша бітірді. 2002 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша тәмамдады.
Еңбек жолын 1989 жылы №2 жөндеу-механикалық зауыты учаскесінің шебері болып бастады, кейін инженер – технолог лауазымында жалғастырды (Қызылорда қ.).
1992 – 1994 жж. - «Серік» шағын кәсіпорынның директоры.
1994-1999 жж. – «Арко-Инвест» инвестициялық жекешелендіру қорының басшысы.
1999 жылы Қызылорда қаласы әкімінің жанындағы «Қалалық бизнес-орталық» мемлекеттік кәсіпорнының директоры болып жұмыс жасады.
1999–2000 жж. - Қызылорда облысы әкімінің жанындағы «Инвестицияларды тарту және бағалы қағаздар нарығын дамыту орталығы» мемлекеттік кәсіпорнының директоры.
2000–2001 жж. - Қызылорда қаласындағы «Сенім» Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының» бас менеджері.
2001–2007 жж. - Қызылорда облысы әкімі аппаратының нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру бөлімінің меңгерушісі, индустриялық даму бөлімінің меңгерушісі, кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры.
2007–2008 жж. – Қызылорда қаласының әкімі.
2008–2014 жж. - ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің ұйымдастыру жұмысы және өңірлік даму бөлімінің бас инспекторы, өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі.
2014–2019 жж. - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілі.
2019–2021 жж. - ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.
2021–2022 жж. - ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі.
2022–2024 жж. - Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары.
2024 жылдың қаңтар айынан бастап Қызылорда қаласының әкімі.