Директорлар кеңесі

Бауыржан Құспанұлы Балжанов

«Ембімұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ сатып алу және жабдықтау департаментінің директоры

1996 жылы Атырау университетінің Мұнай және газ институтын «Мұнай және газ геологиясы» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы «Тулепов Амангельды Куанышевич» ЖК-де маркетинг жөніндегі менеджері лауазымынан бастаған.

1997–1999 жж. – инженер-геолог, «Гюрал» ЖШС еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженері.

1999–2004 жж. – «Қазақойл-Ембі» ААҚ-да өндірісті жедел басқару департаментінің инженері, ауысым бастығы, жаңа кен орындарын игеру және жайластыру департаментінің 1 санатты инженері, жетекші инженеріқаржы департаменті мұнай және мұнай өнімдері балансы секторының жетекшісі.  

2004 2012 жж. – «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-да жедел есепке алу және бақылау департаменті  жедел есепке алу және бақылау бөлімінің бастығы, казынашылық департаменті мониторинг бөлімінің бастығы, мұнай және мұнай өнімдерін сату департаменті директорының орынбасары.

2012 - 2013 жж. – The Rompetrol Group Corporate Center SRL (Бухарест қ.) логистика департаментінің директоры.

 2013 – 2015 жж. – ФЧКОО «КМГ Кашаган Б.В.» коммерциялық директор.

 2015 – 2019 жж. – «Ембімұнайгаз» АҚ бас директордың коммерция жөніндегі орынбасары, Басқарма төрағасының бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары.

2019 – 2020 жж. – «ҚазмұнайГаз» ҰК» АҚ сатып алуды дамыту және үйлестіру департаментінің директоры, сатып алу және жабдықтау жөніндегі басқарушы директоры.

2020 жылдың шілде айынан қазіргі уақытта «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ сатып алу және жабдықтау департаментінің директоры.