Ұлы Жеңіске 76 жыл

10 тамыз, 2021

«Бәрі де майдан үшін, бәрі де жауды жеңу үшін!»

Ұлы Отан соғысы жылдарында фашизмнiн адам баласына салған қайғы -қасiретi сан жылдар өтсе де ұмытылмақ емес. Терiнде зеңбірек зiркiлдеп, тебесiнен бомбалар жауып, астан-кестен аласапыранға ұшырамаса да қазақ жерi күйзелмей қалған жоқ.

Қазақстан мұнайының бастауы болған Ембі еңiрiне тускен ауыртпалық та зiлбатпан едi. Жау Қазақстанға, соның ішінде, мұнайға, балыкка, кенге бай Атырау бойына да ерекше көңіл бөлген. Гитлер командованиесі бұл жерлерді (яғни, Еділ-Жайық аралығын) жаулап алғаннан кейін «Еділ-Жайық мемлекетін» құруды жоспарлаған, дұшпанның бас жымысқы жоспарын болдырмау үшiн кеңестік үкiметтiң кешендi шаралар жасақтап, оны жүзеге асыруға шұғыл кіріскені тарих беттерінде хаттаулы. 

Екiншi дуниежүзілік соғыс моторлар соғысы болғаны тарихтан мәлім. Танктер мен ұшақтарды, автокөліктер мен пойыздарды кiдiртпей соғыс талабын қанағаттандыру үшiн жанар-жағар майды көптеп өндіру аса қажет еді.

Бiртұтас ел атанған бұрынғы КСРО-ның аумағындағы мұнайлы аудандардың кепшiлiгiн жау басып алғандықтан майдан мен тылды жанар-жағар маймен қамтамасыз ету ауыртпалығы жау аяғы баспаған еңiрлерге тускен-ді. Соның бiрi – Ембі мұнайлы аймағы болатын. Бұл қосымша адам күшiн, техниканы, басүа да жараүтарды қажет еттi. Бас көтерер ер-азаматтар майданда. Олар соғыс дала сында болашақ үшін басын тігіп, намысты қолдан бермей жүрді. Мұнайлы өлкенің данкына кір келтірмей соғысып, даңққа бөленді.

Тылдағылар да қалыспады. Еңкейген қарттар мен буыны бекімеген балғын жастар ер жiгiтке тән қайрат көрсетті. Олар болмысты болғыза алды. Өндірілетін мұнай көлемi соғыс жылдарында 1940 жылғы мөлшерден 26 пайызға артты. Жаңадан 4 кәсiпшiлiктi iске қосты. 

Қайсарлық

Соғыстың алғашқы күндерінен-ак ВКП(б) Орталық Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлар Кенесi Волга бойында, Оралда, Батыс Сiбiрде, Қазақстан мен Орта Азияда өндiрiлетiн соғысқа қажетті бұйымдар өндіруді көбейту мақсатын қойды.

Мұнайшылар еңбек қарқынын еселей түстi. Ерекше ұйымшылдық танытып, барлыү күш-жігерін мұнай өндіру көлемін арттыруға жұмылдырды. Әсіресе, Ембiнiң 3-перзенті Байшонас кәсіпшілігі ұжымының табысы айтарлықтай болды. 1941 жылы 3-тоқсанның қорытындысы бойынша бұл ұжым КСРО Мұнай өнеркәсібі Халық Комиссариаты мен ВЦСПС-тiң екiншi сыйлығын жеңіп алды, кәсіпшілікке «Совет Одағының үздік кәсіпшiлiгi» деген атақ берілді. Қазақстан мұнай комбинаты бойынша 1941 жылғы өндірілген сұйық отын 1940 жылға қарағанда 24 пайызға өсті.

Кәсiпшiлiктерде негiзгi күш пайдалануда тұрған ұңғымалардың кiдiрiсiн болдырмауға тырысты. Алынатын сұйық отын мөлшерін аз да болса кебейту тәсiлiн енгізген адам колдау тауып отырды. Айталық, Ескене кәсiпшiлiгiнiң мамандары Ембіде бiрiншi болып сорғының бірнеше түрiн (телескоп, ойығы бар қорапты т.б.) қолданды. Орталық зертхана өздерi жасаған сүзгiштi қолдана бастады. Осы әдiстердi жүзеге асырудан тәуліктік өнім 1,3 тоннадан 4,1 тоннаға дейін көтерілді.

Майданға аттанған ер-азаматтардың орнын жоқтатпай, өндiрiс ырғағын қалыпты ұстау – мұнайшылардың алдына қойылған ең қатал талап едi. Қорғаныс кажетiне көптеп мұнай беру үшiн қажымай жүретін ерлер қатары майданға кетiп сиреген соң, солардың орнына буыны бекіп, бұғанасы қатпаған жасөспірімдер мен енкейген кәрiлер келдi. Ерлер мамандығын әйелдер меңгерді. Айталық, қызыл әскердiң жұбайы Сарманова Байшонас кәсiпшiлiгiнде мұнай өндіруші оператор, уй шаруасындағы Айманова Доссор кәсіпшiлiгiнде балғашы, сағыздық Бекмағанбетова шофер, екi баламен үй шаруасында отырған Завялова Доссордағы автокөлік мекемесінде тракторшы болып жасады. Қыз-келіншектер техниканы тез меңгерiп, шеберлiк пен жiгерлiлiк таныта бiлдi. Тiптi қатарларынан озып шығып, айналасындағыларға үлгі-өнеге болды. Қыстың қытымыр, жаздың аптап күндерінде шалдықса да мойымай, қиындыққа қайсарлығын қар сы қоя бiлген жандардың ерлiк еңбегi қалай мадақтауғa дa сияды.

Соғыс жылдарында Ембi кәсiпшiлiктерiнде 5460 әйел жұмыс жасады, ал, соғысқа дейін олардың саны 1880 болатын. Олардың біразы өндiрiс жетекшiсi дәрежесіне дейін көтерiлдi. Ембіде бұл бастамаға мұрындық болған КСРО Жоғарғы Кеңесiнiң депутаты болып 3 дүркін сайланған Балғаным Досбаева едi. Ол Байшонаста мұнай өндіруші әйелдер бригадасын құрып, жыл сайын озаттар сапында болды.

Мұнайшылар қатары кәсіптік училищелерді бітірген жастармен де толықтырылып отырылды. Осы кезде олардың саны барлық жұмысшылардың 10 пайызын құрады. 12 сағаттық жұмыс кестесіне көшу –жұмысшы күші тапшылығынан шығудың бұқара көрсеткен тағы бір жолы едi. Соның нәтижесінде босаған адамдардан мұнай өндіру мен бұрғылауда қосымша бригадалар құрыла бастады. Соның арқасында еңбек өнiмдiлiгi едәуір артты.

Мұнара бөлшектерін жұмысшылардың өздері бір жерден екінші жерге арқалап көшіріп апарған кездері де болды. Өйткені, қайткен күнде де өндірісті бір сәт поқтатпау басты парыз еді...  

Соғыс ауыртпалығын бұрғышылар да асқан ұйымшылдықпен жеңе білді. Олар берілген нүктелерді аз шығынмен, шапшаңдатылған әдіс қолданып қазу жолдарын іздестіріп тапты. Құлсары кәсіпшілігінің бұрғылау шебері Бисенғали Өтеулиев белгіленген тереңдікті кондукторсыз қазу жөнінде ашқан жаңалығын бүкіл Ембі бұрғышылары қолдады. Осы әдісті ұтымды пайдалану арқылы соғыстың төрт жылы ішінде 15 мың метрден астам тұрба, 1000 тоннадан астам тампонаж цементі үнемделді.

Бұрғышылардың жанқиярлық еңбегі арқасында соғыс жылдары Нармонданақ, Қошқар, Тентексор кен орындары пайдалануға берілді.

Қаһарлы жылдарда мұнайды молайтудың жаңа әдістерін жүзеге асыруға ерекше көңіл бөлінді. Соның арқасында одаққа тұңғыш рет мұнай өндірудің екінші әдісі (қабат қысымын су айдау арқылы күшейту) 1943 жылы тамыз айында Доссор кәсіпшілігінде жүзеге асырылды. Келесі жылы Мақат кәсіпшілігінің ұжымы бірінші юра қабатына су айдайтын қондырғыны іске қосты. Жеңіс күніне дейін Мақат пен Доссор кәсіпшілігі осы кен қабаттарына көлдетіп су айдау арқылы 14 мың тоннадан астам жоғары сортты мұнай алынған.

Жолдыбай, Қошқар, Тентексор кен орындарын іске қосу жанқиярлық еңбек, жан-жақты ізденіс үстінде жүзеге асты. Сонымен қатар, батыстан келген бір зауыт құрал-жабдықтарының негізінде Доссорда автомобиль жөндеу зауыты да тұрғызылған.  

Елдік пен ерлік

Жүзеге асырылған шаралар, сайып келгенде, Ембінің қуатының артып, соғыс қажетіне Қазақстан мұнайын молдап жөнелтуге мүмкіндік жасады. Соғыс жылдарында Ембіде мұнай өндіру көлемі бүкіл төңкерістен бұрынғы дәуірден 2,5 есе, үшінші бесжылдық кезеңінен 15,2 пайызға артты. 1940 жылы өндірілген мұнай 695 мың тонна болса 1944 жылы ол 788 мың тоннаға жетті.

Сондай-ақ, мұнай мүддесі үшін аса қажетті Мақат-Қосшағыл тар табанды темір жолын, Петровский атындағы зауыттың екiншi кезегiн Пешной көлі Ширина тұрба құбырын, Гурьев мұнай өндеу зауытын салуға еңбек ұжымдарын жұмылдыра білді. Қазақстан мұнайшыларының еңбек-ерлiгiн бүкiл Одақ таныды. 1942 жылғы мұнайшыларына үндеу жолдаған. Панфиловшыларға Мемлекеттiк Қорғаныс Комитетiнiң Ауыспалы Қызыл туына ие болған Ескене азык-түлiк, киім-кешекті майданға жөнелттi.

Тылдың ерлері жеңіс сағатын тездету үшін майдан сұранысын кідіртпей орындап, Отан қорғау қорын жасақтады, жауынгерлерге арнап жылы киім, сыйлықтар дайындады.

Мұнайшылардың майданға көмегі Ұлы Отан соғысы кезінде еліміздің түкпір түкпірін қамтыған жалпы халықтық патриоттық қозғалыстың бір ғана бөлігі боп табылады.

Рас, бұл соғыс қанша ауыр сын болса да, халқымыз одан абыроймен өтті. Майданда ер ерлігін істесе, тылда ел елдігін істеп, бүкіл әлемді таңдантты.

 

(«Ембімұнайгаз» АҚ мұрағатынан)