Мұнайлы Ембіге - 100 жыл

2020 жылы «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ Батыс Қарасор кен орнын пайдалануға беру жұмыстары басталды.

Сол жылы С.Нұржанов кен орнында 3252-3265 м тереңдіктегі триас қабатында жаңа өнімді горизонт анықталып,  сусыз мұнай бұрқағы алынды.

Сондай-ақ, 2020 жылы «Жайықмұнайгаз» МГӨБ Гран кен орнында «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы бойынша ең ұзын горизонталды ұңғыма бұрғыланды (941 метр).

2020 жыл Сovid-19 пандемиясымен және мұнай бағасының күрт төмендеуімен тарихта қалды. Пандемия басталғаннан бері компанияда, сондай-ақ компанияның барлық өндірістік құрылымдық бөлімшелерінде штабтар құрылды, олар енгізілген төтенше жағдай режимі және одан кейінгі карантиндік шектеулер жағдайында басқару жөніндегі жедел жұмыс органдарына айналды.

2020 жылы компанияда өндірістік жарақаттану деңгейі айтарлықтай төмендеді. Үшінші жыл қатарынан компанияда адам өлім жағдайы жағдайы тіркелген жоқ. Жазатайым оқиғалар саны 5-тен 1-ге дейін төмендеді. Жол-көлік оқиғаларының саны да 5-тен 1-ге дейін  азайды.

Жол-көлік оқиғалары санын айтарлықтай азайтуға үлкен себеп болған  «Сапарларды басқару» жобасы және Кен орындарындағы арнаулы техникаға қажеттілікті анықтау бағдарламасы болды.