Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамының ИМЖ шеңберіндегі саясаты

«Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы (бұдан әрі мәтін бойынша – Қоғам немесе Компания) Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласында жұмыс жасайтын ірі компанияларының бірі болып табылады.

Қоғам басшылығы энергия тиімділігін қамтамасыз ету, шығарылатын өнім сапасына, қауіпсіз еңбек жағдайына, қолайлы қоршаған ортаны сақтау, табиғи, энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалануға қатысты өз жауапкершілігін сезінеді.

Болашақта: «Ембімұнайгаз» АҚ қауіпсіздіктің ең жоғарғы стандарттарына сай әрекет ететін, иелігінде ұзақ мерзімді дамуды қамтамасыз етуші жоғары квалификациялы қызметкерлері мен тиімді ресурстық базасы болатын мажоритарлық мемлекеттің қатысуымен әрекет етуші жоғары тиімділікті мұнай-газ компаниясы.

Міндеті: Біз Компания қызметкерлеріне тұрақтылықты және әлеуметтік және бизнес-мүддені баланстау арқылы акционер үшін тиімділікті қамтамасыз ету мақсатында мұнай мен газды өндіреміз.

Қоғамның бағыты: Компанияның корпоративтік мәдениетін қалыптастыратын бизнес жүргізу принциптері, ол қызметкерлердің және жалпы Қоғамның дағдысы мен білімі жүйесін білдіреді.

Біз бәріміз - бір командамыз және өз міндетімізді орындау үшін бізге қатысты әрекеттің бәрін орындауға ұмтыламыз.

Қоғамның Басқарма төрағасы сапаны, еңбек қауіпсіздігі, денсаулықты, қоршаған ортаны қорғау және энергия тиімділігін басқарудың жалпылама принциптерінің сақталуын қолдай отырып, осы Саясаттың қабылданғаны туралы жариялайды.

ИБЖ шеңберіндегі саясат төмендегі міндеттемелердің орындалуымен қамтамасыз етіледі:

Жауапкершілік

Қоғам өзінің іскерлік беделін биік ұстайды және өз жауапкершілігін түсінеді:

Жұмыскерлер алдында

Адамдарға құрмет білдіре отырып, Қоғамда моральдық-психологиялық қолайлы ахуалды қамтамасыз етеді. Қоғамдағы жұмыскерлердің ұлтына, нәсіліне, жынысына және діни болмысына қарамастан, барлығына бірдей мүмкіндік беру. Жұмыскерлердің кәсіби дамуына, сондай-ақ олардың дарыны мен творчестволық бастамасының айқындалуы мен дамуына ықпал ету.

Акционер алдында

Акционерге тиісті пайданың максималды түсуін қамтамасыз ету. Акционер мүддесін қорғау. Тиімді корпоративтік басқаруды жүзеге асыру.

Жергілікті халық алдында

Қоғам қызметі аумағының тұрақты дамуына ықпал ету. Әлеуметтік-жауапты бизнес жүргізу. Жергілікті өндірушілерге қолдау көрсету. Қоғам қызметі аумағындағы оқу орындарымен серіктесе қызмет ету.

Серіктестер алдында

Жасалған келісімшарттар бойынша міндеттемелерді мүлтіксіз және тиісінше орындау. Қоғам өз серіктестерінен бизнесті жүргізуге қатысты тиісті қолдауды күтеді.

Тұтынушылар алдында

Өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызметтердің тиісті сапасы мен сенімділік деңгейін қамтамасыз ету, сәйкессіздік туралы хабарламаға дер уақытында әрекет ету.

2. Тұрақты жақсарту

Қоғам өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызметтердің сапасын тұрақты жақсартып тұруға, сондай-ақ өндіруші, басқарушы процестердің нәтижелерін ескертуші әрекеттер мен Қоғам қызметіне талдау жүргізу арқылы арттыруға ұмтылады. Қоғам сапа менеджментінің жүйесін тұрақты жақсартуға міндеттенеді.

Қоғам бизнес-процесті, энергетикалық сипаттамаларды тұрақты жақсартуға, КПД мен электр қондырғыларының және өзге де жабдықтардың энергиялық тиімділігін, сондай-ақ қолда бар ресурстарды оңтайлы пайдалана отырып, электр қондырғыларының сенімділігін арттыруға өзінің бейімділігін білдіреді. Компания жұмыскерлері өздерінің кәсіби сапасын, білімі мен практикалық дағдысын үздіксіз жетілдіреді.

3. Бизнесті жүргізудегі заңдылық, ашықтық және әділдік

Қоғам өз алдына ҚР заңнамасының барлық талаптарын және Компания қызметіне қатысты қолданылатын өзге де міндеттемелерді мүлтіксіз сақтау міндетін қояды.

Қоғам әділ, ашық және шынайы әрекет етеді және өз жұмыскерлері, серіктестері мен тұтынушыларынан да соны күтеді.

Қоғам өз қызметі туралы ақпаратты акционерлерге, жұмыскерлер мен қоғамға дер уақытында жеткізеді.

Барлық жұмыскерлер өздерінің жеке жауапкершілігін түсінеді және өздерінің лауазымдық міндеттемелерін заңнама талаптарының, Қоғамның ішкі нормалары мен қағидаларының шеңберінде орындайды.

Параны кез келген түрінде тікелей немесе жанамалап ұсыну, беру, бопсалау немесе алу әрекеттері Қоғам жұмыскерлерімен мүлде қолданылмайды.

Барлық жұмыскерлер өздерінің жеке қаржылық мүддесі мен өздері қатысатын Қоғамның іскерлік операциялары арасындағы мүдделі даудан аулақ болуы тиіс. Егер ондай дау орын алған жағдайда, ол жөнінде Қоғамның тиісті құрылымдық бөлімшелеріне дер уақытында хабарлауы қажет.

4. Денсаулық пен қоршаған ортаны қорғау, еңбек қауіпсіздігі

Қоғам қоршаған ортаға жағымсыз әсерді азайтуға және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға ұмтылады.

Қоғам қызметінің төмендегідей экологиялық салдары болуы мүмкін:

  1. Топырақтың мұнай өнімдерімен ластануы;
  2. Атмосфералық ауаның көміртек тотығымен, метан, азот тотығы, күкірт еселенген тотығымен және т.б. ластануы.

Қоғам өндірістік және экологиялық қауіпсіздік деңгейін, сондай-ақ жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігін арттыру бойынша тұрақты жұмыстар жүргізеді:

  1. Қоршаған ортаны қорғау шеңберіндегі құқықтық тәртіпті нығайту және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
  2. Қоршаған ортаның ластануын азайту және отын, энергия мен судың пайдаланылуын оңтайландыру.

Қоғамдағы басқарушылық және өндірістік шешімдер экологиялық салдары мен өндірістік қауіпсіздік шараларының міндетті есебімен қабылданады және іске қосылады.

Қоғам өз мердігерлерінен өнеркәсіп және экологиялық қауіпсіздік, еңбекті қорғау және денсаулық шеңберіндегі, тауарлар жеткізу, жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсету шарттарының тиісті тармақтарын қоса, Қоғамда қабылданған барлық стандарттар мен нормалардың сақталуын талап етеді.

5. Энергияны үнемдеу және энергия тиімділігі

Жердің энергетикалық ресурстарының шектеулі екенін біле отырып және энергия ресурстары бағасының тұрақты өсу тенденциясын бақылай келе, Қоғам басшылығы энергия тиімділігін тұрақты арттыру бизнестің ажырамас бір бөлігі екенін түсінуі және жалпы Қоғамның тұрақты дамуы үшін қажетті жағдай екенін білуі қажет.

Қоғам Атырау облысы бойынша электр энергиясын ірі тұтынушылардың бірі болып табылады.

Сонымен қатар, Қоғам мотор отыны (бензин, дизельдік отын), су, мұнай, табиғи газ секілді ресурстарды тұтынушы.

Қоғам басшылығы өндірістің энергетикалық нәтижелерін арттыру, энергия ресурстарын ұтымды пайдалану және үнемдеу, үздіксіз жақсарту процесі негізінде қоршаған ортаны қорғау бойынша өз міндеттемелері туралы жариялайды:

  1. Энергия тиімділігінің қол жеткен деңгейін сақтау үшін, электр жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және күрделі жөндеу жүргізу сапасын арттыру;
  2. Қызметі энергияны пайдалану және/немесе тұтынумен тікелей байланысты тұлғалардың түсінігін арттыру мақсатында, оларды қажетті дағдылармен машықтандыру;
  3. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі шеңберіндегі мақсаттарға қол жеткізу кезінде олардың творчестволық потенциалын пайдалану үшін жұмыскерлердің ынтасын арттыру;
  4. Ескірген және тиімсіз жабдықтарды қолданыстан шығару және технологиялық қайта жасақтауды жүзеге асыру;
  5. Энергетикалық тиімділікті арттыру мақсатында жеткізушілер және мердігерлермен арадағы өзара пайдалы серіктестікті қамтамасыз ету;
  6. Энергия үнемдеуші технология мен жабдықтарды енгізу арқылы өндіріс табысын көбейту;
  7. Өндіріс процестерінің энергетикалық тиімділігін арттыруға бағытталған инвестициялық жобаларды іске қосу;
  8. Энергия ресурстарын пайдалану және өндіру мониторингінің, есебінің заманауи жүйелері мен әдістерін енгізу;
  9. Мониторинг, өлшеу және энергоменеджмент жүйесінің басты сипаттамалары негізінде ресурстарды тиімді пайдалануды басқару;
  10. Энергия ресурстарын тұтыну және жұмсау кезінде өндірістің қоршаған ортаға әсерін айтарлықтай азайту;
  11. Энергетикалық сипаттамаларды тұрақты жақсарту;
  12. Тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді, оларға энергия тиімділігін жобалау қызметтерін қоса отырып, сатып алуды жүзеге асыру.

6. Экономикалық тиімділік

Қоғам бизнесін жүргізудегі басты экономикалық принцип болып пайдалылық саналады – ол Компанияның әрекет етуі үшін қажетті шарт.

Пайдалылыққа жұмысты тиімді ұйымдастыру, өндірістік, қаржылық және инвестициялық қызметті басқару мен бақылау арқылы қол жеткізіледі.

Мұнай, газ бен газ конденсатын өндіру, тасымалдау және өңдеумен байланысты Қоғам қызметі энергияның жұмсалу деңгейі жоғары болуымен ерекшеленеді.

Қоғам басшылығы өндіріс қызметі барысында энергия тиімділігінің артыуынан, шығынды айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік беретін стратегиялық артықшылық байқайды. Аталған артықшылықты іске қосу үшін басшылық Қоғамның өндірістік қызметіне ISO 50001 энергетикалық менеджмент бойынша халықаралық стандартты енгізу туралы шешім қабылданды, ондағы басты мақсат болып экономикалық тұрғыдан негізделген жүйедегі энергия тиімділігін арттыру, бизнес-процестер мен Қоғамның ұзақ мерзімді келешегінде барлық бағытқа арналған жабдықты  қамтамасыз ету саналады.

7. Саяси қызметі

Қоғам саяси партиялардың, ұйымдардың немесе олардың өкілдерінің  пайдасына төлем жүргізбейді және ешқандай саяси қозғалыстарға қатыспайды. Қоғам өз жұмыскерлерінің саяси партияларға, ұйымдарға қатысуын немесе олардың өкілдері болуын, сондай-ақ саяси қозғалыстарыға қатысу құқығын шектемейді.

8. Салауатты бәсекелестік принципі

Қоғам ерікті кәсіпкерлікті қолдайды және барлық өнегелі және заңды нормаларды сақтай отырып, басқарларға өздерімен еркін бәсекелесуге кедергі келтірмей,  әділ бәсекелес болуға ұмтылады.