Құрметті әріптестер!
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) әлеуметтік жауапты компания бола отырып, ҚМГ компаниялар тобы қызметкерлерінің арасындағы жүрек-қан тамырлары ауруларының ағымдағы статистикасына аса алаңдаулы.
Осылайша, соңғы 10 жылда 225-тен астам қызметкер жүрек-қан тамырлары ауруларынан қайтыс болды және 95% жағдайда себебі миокард инфарктісі, ал қалған 5% - инсульт болды. Қайтыс болған қызметкерлердің орташа жасы 45-55 жас арасында. Бұл жүрек-қан тамырлары ауруларының себебінен айына екі өлімге жағдайына тең!
Осыған ұқсас кезең ішінде ҚМГ компаниялар тобы қызметкерлерінің ұқсас саны инсультпен және инфаркттармен ауруханаларға жатқызылды, бірақ шұғыл медициналық араласу арқасында олардың өмірін сақтап қалды!
ҚМГ КО еңбекті және қоршаған ортаны қорғау блогы ҚМГ компаниялар тобының қызметкерлері үшін жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу жөніндегі ұсынымдарды әзірледі, олар қоса берілген «Инфаркттар мен инсульттардың алдын алу» брошюрасында сипатталды.
Брошюрада дұрыс тамақтану, белсенді өмір салты, стреске төзімділік және басқа да оңай қолданылатын және күнделікті өмірде жасайтын әрекеттер бойынша қадамдық нұсқаулықтар бар.
Хабардар болу және алдын алу мықты денсаулыққа, демек бақытты және ұзақ өмірге жол ашады!!!
В. Спинелли,
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ
еңбекті және қоршаған ортаны
қорғау жөніндегі басқарушы директор.