«Ембімұнайгаз» АҚ жер асты су қоймалары мен оларды қорғауға ерекше көңіл бөліп, су ресурстарын ұтымды пайдалануға белсене атсалысуда. Жүргізілген жұмыстар мен зерттеулер кәсіпорынның өндірістік және тұрмыстық қажеттіліктері үшін суды тұтынуды айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді.
Сондай-ақ, Компания ластанған суды табиғи су айдындарына жібермеу арқылы табиғи ортаға тигізетін кері әсерді барынша азайтуға тырысатынын атап өткен жөн.
Жеке тазалау қондырғыларында тұрмыстық сарқынды суларды тазарту және тазартылған суды кейіннен ағынды суларды қабылдағыштарға – булану алаңдарына жіберу де компанияның су ресурстарын үнемдеу және қоршаған ортаны қорғау стратегиясының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Сондай-ақ, жерасты суларының жай-күйін бақылау және экожүйелерді тұрақты мониторингілеуге ерекше мән беріліп келеді. Өйткені, бұл кез келген ауытқуларға дер кезінде назар аударуға және қоршаған ортаға теріс әсердің алдын алуға мүмкіндік береді.
Дайындалған «Су ресурстарын ұтымды пайдалану» стратегиялық жобасы су ресурстарын жоспарлау және басқару саласындағы ілгері қадам болып табылады, сонымен қатар, суды өндірістік мақсатта тиімдірек және ұтымды пайдалануға ықпал етеді.
Компания қолға алған бұл іс-шаралар табиғи ортадағы тепе-теңдікті сақтауға және тұрақты дамуды қамтамасыз етуге көмектесетін суды пайдаланудың тұрақты және жауапты моделін құруға бағытталған.