Топырақтың ластануын алдын алу

«Ембімұнайгаз» АҚ қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Компания экология компоненттеріне (ауа, су, топырақ және т.б.) мониторинг жүргізу және қоршаған ортаға өндірістің жағымсыз әсерін тиімді азайту бойынша тұрақты жұмыстар жүргізеді.

«Ембімұнайгаз» АҚ тарихи ластанған территорияны рекультивациялауға бағытталған жобаларды көп мөлшердегі қаржымен инвестициялауды жалғастыруда. Ластанған жердің көлемі 2018 жылдың басында 136,43 га, 2018 жылдың соңында - 112,53 га болды, осылайша ластанған жердің көлемі жылдың соңында жылдың басына қатысты 0,82 бірлікті құрады.

Ластанған жердің көлемі 2019 жылдың басында 112,53 га болса, 2019 жылдың соңында - 77,9 га болды, ластанған жердің көлемі жылдың басынан бері жылдың соңына дейін 0,69 бірлікті құрады. Атырау облысы бойынша СОVID-19 таратпау мақсатындағы шектеу шараларының енгізілуіне байланысты, 2020 жылы тарихи ластанған территорияны рекультивациялау бойынша жұмыстар жүргізілген жоқ. 2021 жылдың басында ластанған жерлердің көлемі 77,97 га құрады, 1 желтоқсан 2021 жылға шаққанда– 27,9 га (арақатынасы-0,36). Қорытындылай келе, 2021 жылы  50 га мұнаймен ластанған жер тазартылды. 2022 жылы тау-кен кеніші шегінде тарихи мазутпен ластанған жерді тазарту жұмыстар толықтай аяқтау жоспарланып отыр.

2022 жылы 27,9 га көлеміндегі учаске шегіндегі тарихи мұнаймен ластанған жерлерді тазарту жұмыстары толығымен аяқталды, сондай-ақ учаске сыртындағы 2,2 га тазартылды. Сонымен қатар, 2023 жылы учаске сыртындағы 50 гектар жер тазартылды.

"Ембімунайгаз" АҚ-ның мазутпен ластанған жерлерін тазарту бойынша жоспар

2018
тазартылды

2019
тазартылды

2021
тазартылды

2022
тазартылды

2023
тазартылды

2024
Жоспар

тонна

га

тонна

га

тонна

га

тонна

га

тонна

га

тонна

га

99 477

24

124 742

35

280 588

50

101 687

30

181 691

50

177 209

40

Мұнай іс-шараларын жүргізу кезінде Компания апаттық төгілулердің алдын алу, оқшаулау және жою бойынша іс-шараларды орындайды. Өндірістік нысандардың учаскелерінде  апатты жою жоспарлары ілінеді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша мұнайдың апаттық төгілуінің 1 оқиғасы тіркелді. Апаттық төгілу орындарында жою жұмыстары жүргізілді. Ластанған учаскелер толықтай тазартылды және бастапқы күйіне келтірілді. 2023 жылы апаттық төгілу оқиғасы тіркелген жоқ.