Биоалуантүрлілік

Жер қорларын табиғи ауылшаруашылық аудандастырумен сәйкес, «Ембімүнайгаз» АҚ-ның келісімшарттық аумағы шөл зонада орналасқан және құба топырақтардың белдем тармағының Каспий маңы провинциясы аясына кіреді.

Шөл зонасында топырақ түзілу жағдайлары континентальдық климатпен, жаздың ыстық құрғақ және қыстың салқын болуымен, жазда температураның күндіз жоғары және түнде төмен болуымен, құрғақтықпен, атмосфералық жауын-шашынның аздығымен, жаздық мезгілде қарқынды буланулармен және күн жарығының молдығымен сипатталады.  

Флора. Өндірістік нысандар аумағының өсімдігі шөлді және далалық элементтерді иемденумен, кейбір жерлерде сортан бұйырғынның, төмпек сарсазанның, үрмежемістің және басқалардың қатысуымен кәдімгі галофитті (тұз ұнатқыш) топтанулар өсіп шығады.

Құмды жерлерде эфемерлер мен эфемероидтардың (баданалы қоңырбас, Шренк қызғалдағы, тесікжапырақ шытырмақ, софия сармала, левкой ақбасқурай, шығыс мортығы және т.б.) қатысуымен псаммофитті-бұталы (жапырақсыз жүзген, ақтікен, борық жыңғыл) топтанулар көп кездеседі, құм жусандарының қатысуымен топтанулар кеңінен таралған, Лерха жусаны мен аққұм жусандары сирек кездеседі.

Ащышөп өсімдіктері көбірек таралған – үшаталықты сораңша, татар көкпегі, құм ебелек, натронды, жапырақты сораң, Паульсен сораңы және т.б. Ащышөптердің арасында эфемерлер жиі дамиды, мысалы, шығыс мортығы, жапырақ шытырмағы, софия сармала. Бұталылар сирек кездеседі.

Өсімдіктің барлық элементтерін сақтау шөл экожүйесінің антропогендік артық жүктеме жағдайларында деградациялануға бейім, осал ретінде бар болу тұрақтылығын, сондай-ақ ауданның биологиялық алуантүрлілігінің теңдестіріліп сақталуын  қамтамасыз етеді.

Фауна. Сондай-ақ кәсіпорынның өндірістік қызметін жүзеге асыруда ауданның жануарлар әлемі де кеңінен таралған. Тек сүтқоректілердің ғана 39 түрі бар. Жалпыға таралған кеміргіштерден (қоян, сарышұнақ, құмтышқандар, қосаяқтар және т.б) бөлек, жыртқыш аңдар да кездеседі -  қасқыр, қарсақ, түлкі, жабайы мысықтар, ақ тышқан және т.б., тұяқтылар – қарақұйрық, сайғақ және қабан, бауырымен жорғалаушылар – сұр жылан, абжылан, сужылан, кесірткілердің бірнеше түрі, сондай-ақ бақалар мен құрбақалар. 

«Ембімұнайгаз» АҚ аумағындағы орнитофауна түрлерінің алуандығы жыл құстарының мол келуімен байланысты, Каспий жағалауының маңында көктем және күз мезгілдерінде ұшып келетіндердің кемінде 154 түрі кездеседі.  Жалпы участоктың орнитофаунасында ұя салушылардың, ұшып келетіндердің және қыстайтын құстардың 223 түрі бар, ол дегеніміз Қазақстандағы құстардың түрлерінің шамамен жартысын құрайды. Жағалаудағы станцияларда сулы-батпақты кешен құстарының 40-қа дейінгі  түрі, шөлдерде – құстардың 20 түрі ұя салады.

Жануарлар әлеміне кері әсерін тигізу мүмкіндігін азайту шаралары  

Қоршаған ортаны қорғау және өндірістік қызмет процесінде оның ластануын алдын алу қоршаған орта компоненттеріне тигізетін болжамды әсерді анықтауға, әсерді мейлінше азайтуға мүмкіндік беретін табиғатты қорғау шараларын жасауға алып келеді.

Жануарлар әлеміне тигізетін антропогенді кері әсерді мейлінше азайту бойынша негізгі шараларға кіреді:

  • қызметкерлерге аң аулауға, бауырымен жорғалаушыларды себепсіз жоюға жол бермеу туралы нұсқамалық өткізу;
  • технологияны қатаң сақтану;
  • жабайы аңдарды тамақтандыруға және ұстауға тыйым салу;
  • браконьерлікке және кез келген аңшылыққа тыйым салу;
  • тозған жерлерді қалпына келтіру бойынша жұмыстар.

Биоалуантүрлілікті сақтау - бұл шаралардың бекітілген жоспарына сәйкес,  Қоғамның табиғатты қорғау қызметінің бөлігі, соның ішінде:

нысандардың орналасқан аймағында қоршаған орта жағдайына экологиялық мониторинг жүргізу, оған атмосфералық ауаның, жерасты және ақпа сулардың жағдайын бақылау, топырақтарды, өсімдік және жануар әлемін  тексеру кіреді (2019 жылға арналған қаржыландыру сомасы ҚҚС есептеусіз 58 180 мың теңгені құрайды).