Ілеспе газды жою

Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексінің «Шикі газды қайта өңдеу және кәдеге жарату» 147-ші бап талаптарын орындау үшін «Ембімұнайгаз» АҚ-да ілеспе мұнай газды кәдеге жарату бойынша бірқатар бағдарламалар жасақталды, олардың мақсаты кен орындары факелдерінде ілеспе мұнай газын жағуды азайту және болашақта 100% жою болып табылады.

Бағдарламаларды жүзеге асыру көптеген экологиялық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді: атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын азайтады, газ тәріздес шығарулардың зиянды әсерге енуін азайтады, ілеспе газды нормативтен тыс жаққаны үшін айыппұлдарды болдырмау есебінен экологиялық тәуекелдерді төмендетеді.

Компания 2017 ж. маусым айында ірі жоба -  Прорва тобы кен орнында қуаттылығы жылына 150 млн.м3 ілеспе мұнай газды қайта өңдеу Қондырғысын іске қосты. Ілеспе мұнай газды дайындаудың технологиялық схемасы газды күкіртсутектен аминді тазалау, төмен температуралы конденсация және түйіршіктелген күкіртті алу қондырғысы секілді технологиялық процестерге негізделеді. Жобаның ерекшелігі Қазақстанда алғаш рет қарапайым күкірт алу үшін LO-CAT патенттелген технологиясы қолданылмақ. Бұл технология экологиялық зиянсыз, құрамында улы химикаттар жоқ, зиянды жанама қалдықтарды шығармайды және күкіртсутегін жоюдың өте жоғары тиімділігін қамтамасыз етеді. 

Бұрын ілеспе мұнай газды дайындау қондырғысы Компанияның өндірістік құрылымдық бөлімшелері – Атырау облысының Исатай және Мақат аудандарында  «Жайықмұнайгаз» МГӨБ-да (С.Балғымбаев к/о) және «Доссормұнайгаз» МГӨБ-да (Шығыс Мақат к/о) іске қосылған болатын. Экологияға кері әсерді азайтудан бөлек, аталмыш қондырғылар облыстың үш ауданының тұрғындарына  табиғи газды жеңілдетілген баға бойынша қамтуда.