Ембімұнайгаз АҚ шығарындыларды басқару жөніндегі саясаты

ЕМГ шығарындыларды басқару жөніндегі саясаттың (бұдан әрі – Саясат) мақсаты ЕМГ еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы Саясатты іске асыру үшін қоршаған ортаға әсерін мейлінше азайту, тұрақты дамуын арттыру үшін шығарындылардың тиімді басқарылуын қамтамасыз ету болып табылады.

 

 

Саясаттың негізгі міндеттері:

1) бүкіл ЕМГ бойынша міндетті пайдалануға арналған шығарындыларды басқару тәсілін реттейтін қағидаттарды айқындау;

2) өндірістің экологиялық қауіпсіздігін арттыру, шығарындыларды азайту;

3) табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, мұнай мен газды өндіру бойынша операцияларда шикі газды тұрақты жақпау практикасын жүзеге асыру, ағып кетудің алдын алу.