«Ембімұнайгаз» АҚ алкоголь, есірткі құралдар, психотроптық заттар және олардың аналогтарына қатысты саясаты

«Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі –ЕМГ) Қазақстан Республикасындағы мұнай-газ компаниясы бола тұра, өндірістік қызметтің барлық сатыларында жұмысшы қауіпсіздігін жасау және сақтау үшін, қызметкерлер мен қоғам алдында толық жауапкершілікті сезінеді және адамдар өмірі мен денсаулығын сақтау мен қоршаған ортаны қорғауды өз қызметіндегі басты ерекшелікке жатқызады.

ЕМГ көмірсутегін барлау мен өндіруден бастап, оларды тасымалдау мен қайта өңдеу, мамандандырылған сервистік қызметтер көрсетуге дейінгі өндіріс циклын толықтай жүзеге асыра отырып, өндіріс қауіпсіздігінің ең жоғарғы стандарттарына сәйкес болуға ұмтылады және еңбекті қорғау, өнеркәсіп, өрт қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғауды (бұдан әрі – ЕҚ, Ө,ӨҚ мен ҚОҚ) басқару жүйелерін өндірісті тиімді басқарудың басты элементі ретінде үнемі жетілдіріп отыруға қызметтенеді.

ЕМГ-дың еңбекті және қоршаған ортаны қорғау шеңберіндегі басты мақсаты болып табылады:

  • Жазатайым оқиға, апат және мұнайдың төгілуінің болмауы;
  • Қоршаған ортаға жазымсыз әсердің барынша аз болуы.

Басқарудың басты принциптері болып саналады:

ЗАҢНАМАЛАРДЫҢ САҚТАЛУЫ

  • Еңбекті және қоршаған ортаны қорғауға қатысты қазақстан заңнамалары талаптарының мүлтіксіз сақталуы;
  • Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау талаптарының төмендетілуіне қатысты қазақстан заңнамаларының өзгеруін қолдамау және бастама жасамау;

АШЫҚТЫҚ

  • халыққа, акционерлерге, мемлекеттік уәкілетті органдар мен өзге де мүдделі тараптарға ЕМГ-дың жұмыскерлер өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға ықпал етуші қызметі туралы ақпарат тарату;
  • проводить оценки воздействия деятельности ЭМГ на окружающую среду, с обязательным информированием общественности и заинтересованных лиц, путем проведения общественных слушаний и размещения проектной информации в открытых источниках; ЕМГ қызметінің қоршаған ортаға әсерін бағалап, қоғамдық тыңдаулар өткізу және ашық баспасөз беттеріне жобалы ақпаратты орналастыру арқылы халыққа және мүдделі тұлғаларға міндетті түрде ақпарат беру;
  • орын алған апатты оқиғалар, олардың салдары мен оларды жою шаралары туралы құзыретті органдарға дереу ақпарат беру;
  • тәуелсіз экологиялық аудит жүргізу;

ҮЗДІКСІЗ ЖАҚСАРТУ

  • өндірістік жарақат, кәсіби сырқат, апаттылық және қоршаған ортаға жағымсыз әсер көрсеткіштерін тұрақты және бұлжытпай төмендетуге бағытталған бағдарламаларды іске қосуда ЕМГ-ның барлық деңгейдегі басшыларының көшбасшылығы мен бейілділігін қамтамасыз ету;
  • еңбекті және қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесінің тиімділігін тұрақты жақсарту;
  • еңбекті және қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесін жақсарту процестерін қажетті шарттармен қамтамасыз ету және жеткілікті ресурстар бөлу.

ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ

  • өндіріс қызметін жүзеге асырудың барлық сатысындағы еңбекті және қоршаған ортаны қорғауға қатысты тәуекелдерді анықтау, ьбағалау және тиімді басқару;
  • жұмыскерлерге жұмыскерлердің болмаса айналасындағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жұмыстарды орындаудан бас тарту және жұмысты тоқтату құқығына кепілдік беру;
  • жұмыскерлерге еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша тұрақты оқуға баруды және квалификациясын арттыруды қамтамасыз ету;
  • өндірістік тәуекелдерден қорғау және апатты және төтенше жағдайлардағы әрекеттерге дайындығын қамтамасыз ету үшін, жұмыскерлерді қажетті ресурстар және жабдықтармен қамтамасыз ету.

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

  • апатты және мұнай төгілген жағдайда қоршаған ортаның ластану тәуекелін азайту мақсатында, барлық жабдықтар мен мұнай құбырларының апатсыз қызмет етуін қамтамасыз ету,;
  • шөлше айналған жерлерді қалпына келтіру, қорғау және тұрақты басқару шараларын алу;
  • өз жұмыскерлерімен, сондай-ақ мердігер және қосымша мердігер мекемелерінің қызметкерлерімен ЕМГ –дың келісімді территориясында заңсыз аң аулауға, балық аулауға және өсімдік пен жануарлар әлемінің басқа да нысандарын пайдаланылуына жол бермеу;
  • өндіріс қызметін жоспарлау және жүзеге асыру кезінде биологиялық құбылыстарға әсерін ескерту, жауарлардың қоныс аудару жолдарын сақтау;
  • «жасыл офис» принципін енгізу және ұстану;
  • қоршаған ортаға әсер етуіне қосымша стратегиялық экологиялық баға беру және ірі инфрақұрылымдық жобаларда болмаса экологиялық сезімтал территорияларда жұмыстар жүргізу кезіндегі тәуекелдерді бағалау;
  • стационар және жылжымалы көздерден шығатын ластаушы заттар атпасын азайту;
  • компанияның қолайсыз әсерінен қоршаған ортаға келетін шығынды толық көлемде өтеу;
  • өндірістік нысандарды пайдаланудан шығару үшін жауапты болу және территорияның одан әрі қайта өңделіп, құнарландырылуын қамтамасыз ету және оны барынша табиғи құнарлы күйге енгізу;
  • сирек кездесетін және жойылып кету қаупі туындаған бағалы жануарлар түрлері өмір сүретін ортада, аса қорғалатын табиғи территорияларда жұмыс жүргізбеу;
  • табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану.

ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ ЖӘНЕ ЭНЕРГИЯ ТИІМДІЛІГІ

  • Энергия тиімділігінің қол жеткізілген деңгейін қолдау үшін электр жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және күрделі жөндеу жүргізу сапасын арттыру;
  • технологиялық қайта жабдықтауды және көнерген және тиімсіз жабдықтарды біртіндеп пайдаланудан шығаруды жүзеге асыру;
  • өндіріс процестерінің энергетикалық тиімділігін арттыруға бағытталған инвестициялық жобаларды іске қосу;
  • энергоменеджмент жүйесінің негізгі сипаттамаларының мониторингі, өлшемі мен талдауы негізінде ресурстарды тиімді пайдалануды басқару.

Саясат әрекетімен ЕМГ-дың барлық жұмыскерлері, сондай-ақ ЕМГ нысандарына қызмет көрсетуші мердігер мекемелердің жұмыскерлері қамтылады. 

Осы құжат барлық мүдделі тараптар үшін ашық және қол жетімді болып табылады.