HR қызметінің функционалды стратегиясы
«Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) кадр саясаты Компанияның стратегиялық бағыттарын жүзеге асыру үшін қызметкерлерді басқару механизмдері, бағыттары мен қағидаларын анықтайтын қызметкерлерді басқару және еңбекке ақы төлеу саласындағы функционалды стратегиясына сәйкес жүзеге асады. Стратегияның басты мақсаты қызметкерлерді басқару және EМГ үшін стратегиялық ресурс ретінде қызметкерлерді дамыту тиімділігін арттыру арқылы Қоғамның болжамына қол жеткізу бболып табылады.
Стратегия жеті бағытты қамтиды:
Мерзімінен бұрын зейнеткерлікке шығу
Компанияда Мерзімінен бұрын зейнеткерлікке шығу бағдарламасы жүзеге асып келеді. Бағдарламада бекітілген жасқа келген Компания қызметкерлері өз еріктерімен зейнеткерлік жастан 3 жыл бұрын (ауыр еңбек жағдайында қызмет ететін жұмысшылар 5 жыл бұрын) еңбек келісімшартын бұзып, зейнет жасына жеткенге дейін ай сайынғы жәрдемақы ала алады. Мерзімінен бұрын зейнеткерлікке шыққан кезде жұмысшы өз отбасына, денсаулығына көбірек көңіл бөлуге және қалаған уақытта басқа жұмысқа орналасып, қосымша табыс табуға мүмкіндік алады.
Қазақстандық мамандарды даярлау
Компания әлеуметтік жобаларға, соның ішінде, отандық мұнай-газ саласына қазақстандық мамандарды даярлауға қаражат бөліп келеді. 2015 жылдан бастап Компанияда дуалды оқыту және шәкіртақы бағдарламалары жүзеге асуда. Дуалды оқыту бағдарламасы аясында 9 жыл ішінде барлығы 306 студент оқумен қатар, ЕМГ өндірістік бөлімшелерінде тәжірибеден өтті. Олар оқу орындарын тәмамдаған соң дипломмен қоса, қолдарына еңбек кітапшаларын алды. Тестілеу сынақтарының қорытындысымен жоғары балл жинаған 82 студент Компанияға жұмысқа орналасты.
2024 жылы дуалдық жүйе бойынша 78 студент дайындықтан өтуде.
Қызметкерлерді ынталандыру шаралары
Қызметкерлерді ынталандыру мақсатында Компанияда жыл сайын бірқатар шаралар ұйымдастырылып келеді: өндірістік бөлімшелер жұмысшылары арасындағы «Үздік маман» кәсіби шеберлік байқауы, жас мамандардың потенциалын арттыру және ұжымдық құндылықтарды жасақтау мақсатында ұйымдастырылатын «Жас мамандар күні» жобасы, кадр қызметтерінің жылдық есебінің қорытындысы бойынша Басқарма төрағасының қатысымен өтетін «HR-форум», сонымен қатар, өндірістегі қызметкерлер – орта буын жетекшілері (цех басшылары мен шеберлер) үшін коммуникативтік дағдыларды дамыту мақсатындағы модульді оқытулар.