АВР электронды жүйесі

14 қараша, 2022

Мазмұны:

  1. Бағдарламаны жасақтау идеясының мақсаты
  2. Жобаны жүзеге асыру жұмыстары
  3. Енгізу
  4. Дамыту
  5. Операциялық басқару

 

Бағдарламаны жасақтау идеясының мақсаты

Алғашқы деректерді есепке алу, көрсетілген қызметтер мен жұмыстар бойынша орындалған жұмыс актілерін жасақтау, бекіту және қол қою барысында күнделікті рәсімдерді барынша азайту мақсатында Компанияда 2019 жылы жұмыс актілерін келісу және қол қою процесін автоматтандыру (бұдан әрі – AVR) міндеті қойылды.

Атқарылған жұмыстардың актілерін жасау, келісу және қол қою процесін автоматтандыру құжаттарды тезірек өңдеуге, Компанияның бүкіл аумағында өндірістік-құрылымдық бөлімшелердің орналасу ара-қашықтығын ескере отырып, құжаттармен қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік береді, құжатты қол қоюшыға жеткізу уақытын үнемдеуге және ақпараттың толық құпиялылығы мен сақталуын қамтамасыз етеді.

 

Жобаны жүзеге асыру жұмыстары

Автоматтандырылған AVR жүйесін құрудың маңызды серпіні Қазақстан Президентінің «Қазақстанды цифрландыру: өсудің жаңа көкжиектері» Жолдауында көрсетілген экономиканы жеделдетілген технологиялық жаңғырту мақсаттарына Компанияның басымдықтарын негіздеу болып табылады. Ел Президенті өз Жолдауында цифрлық индустрияның дамуы барлық басқа салаларға серпін беретінін айтып, Үкіметке бұл мәселені ерекше бақылауда ұстауды тапсырды. Осыған байланысты Мемлекет басшысы цифрлық технологияларды қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды дамыту міндетін қойды.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, жобаны жасақтаушы команданың алдында барлық ықтимал тәуекелдерді, артықшылықтар мен кемшіліктерді мұқият бағалау сынды үлкен міндеттер тұрды.

Алдағы уақытта қателіктерді, жүйе ақауларын, тұрақты проблемаларды және ішкі қақтығыстарды түзетуге кететін негізсіз шығындардың туындауына жол бермеу үшін ұқсас сандық жүйелерге егжей-тегжейлі зерттеулер жүргізілді.

 

Енгізу

Осылайша, Компанияның негізгі қажеттіліктері бойынша жұмыс басталды.

Пайдаланушының барлық сұрақтарына жедел жауап беруге және жүйемен жұмыс істеу кезінде туындайтын проблемаларды тез жоюға, сондай-ақ, маңызды құжаттарды – ережелерді, нұсқаулықтарды, жадынамаларды сақтай алатын сандық жүйе қызметін құру міндетті шарт болды. Бұл компанияның қолданыстағы бизнес-үдерістерін цифрлық жүйеге ауыстыру процесін жүргізу керек дегенді білдіреді.

Бұл кемшіліктерді болдырмау үшін жүйені енгізуді дұрыс жоспарлау, жобалық топты дайындау және оқыту, электронды құжат айналымы жүйесінің кәсіби талдаушылары мен әдіскерлерін тарту, сондай-ақ, жұмыс істейтін және ақауларға төзімді IT-ландшафт пен байланыс арналарын қамтамасыз ету қажет болды.

Ақпараттық қамтамасыз ету қызметі бойынша өндірісті автоматтандыру және ақпараттық технологиялар басқармасы, бағдарламаның негізін жасақтау бойынша келешектік даму департаменті жұмыс атқарды.

«Орындалған жұмыстар мен қызметтердің актілерін бекітудің автоматтандырылған жүйесін енгізу» бойынша жұмыс 2019 жылдың соңында басталып, 2 айға созылды.

2020 жылдың басынан бастап компанияның АТ-жүйесі аясында бағдарламаның жұмыс қабілеттілігін тексеру жұмыстары басталды. Жұмысқа қатысты әрбір сәйкессіздік, олқылықтар мен ескертулер ескеріліп, оның жұмысын жақсарту үшін есепке алынды.

 

Дамыту

Автоматтандырылған жүйені жасақтау үшін басқарудың әртүрлі әдістері мен тәсілдері негізге алынды.

«Agile» әзірлеу әдістемесі бағдарламаның басымдықтарын анықтауға мүмкіндік берді. Бұл – құнды бағдарламалық қамтамасыз етуді ерте және үздіксіз жеткізу есебінен Қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру, бағдарламаны әзірлеудің соңында өзгерістер енгізу мүмкіндігі, жұмыстың қарапайымдылығы.

«Scrum» басқару құрылымымен кешенді мәселелерге бейімделген шешімдер арқылы құндылық жасау форматы алынды.

Бұл тәсіл пайдаланушыға жұмыс істейтін өнімді жаңа бизнес мүмкіндіктерімен қысқа мерзімдерде қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, ең жоғары басымдықты анықтау үшін «Scrum» әзірлеу процесін құратын әрекеттердің, артефакттардың, рөлдердің ең қажетті жиынтығын анықтайды.

Әдістеме топтық жұмысқа негізделген және жиі сынау және қателесу арқылы жылдам жауап беру және кері байланыс арқылы тәуекелді азайтады.

Жоғарыда аталған әдістемелер келешектік даму департаментімен зерделенді және Компания процестерінің ішкі талаптарын ескере отырып, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеушіге ұсынылды.

2020 жылдың көктемінде коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты және өзін-өзі оқшаулау жағдайында қашықтықтан жұмыс жасау форматын жедел ұйымдастыру, күнделікті бизнес-үдерістерде электронды құжат айналымын пайдалану және енгізу жай ғана тенденция емес, заманның талабына айналды.

Әрине, ABP жүйесінің басты артықшылығы – актілерге қол қою және бекіту, оларды алмасу және жеткізу аз ғана уақытқа созылатындығында болды. Бұл ретте әрбір құжаттың электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған заңды мәні және 100% түпнұсқалығы бар.

Қолданыстағы шектеулер бойынша мұндай мүмкіндікті пайдалану Компания ішінде жұмыс процесін жеңілдетіп, құжаттарды құру және қол қою жылдамдығын арттырды, сондай-ақ, мердігерлерге көрсетілген қызметтер мен жұмыс үшін уақытылы ақы төлеуге мүмкіндік берді.

 

Операциялық басқару

Бүгінгі таңда «Ембімұнайгаз» АҚ-ның орындалған жұмыстары мен қызметтерінің актілерін бекіту жүйесі тек қаржы секторының ғана емес, сонымен қатар, басқа департаменттердің де қажеттіліктерін қамтитын жаңа модульдермен функционалдық тұрғыда дамуда.

2022 жылдан бастап AVR жаңартылған AVR+ жүйесіне көшті. Жүйенің өнімділігін арттыру үшін жаңа веб-қосымшалар, авторизация қауіпсіздігі және актіні тексеруді қолдана отырып, AVR+ құрылымы оңтайландырылды.

Жыл соңына дейін AVR+ жүйесін сәйкесінше жыл басында қалыптасқан талаптармен және жаңа модульдерді қосу арқылы дамыту жоспарлануда.

Биылғы жылы кәсіпорнымыз компания ішінде одан әрі пайдалану үшін әзірлеушілерден жүйені сатып алуды шешті. Сайып келгенде, бұл бізге ішкі бизнес-үдерістерге сәйкес жұмыс істейтін, мердігер ұйымдарға актілерді онлайн режимінде жеткізуге септігін тигізетін бәсекеге қабілетті имидждік өнімді ұсынуға мүмкіндік береді.