Компания өз жұмысшыларын әлеуметтік қолдаудың жоғары деңгейімен қамтамасыз етіп келеді. Қазіргі таңда Компанияда 5000-ға жуық адам қызмет етеді. Оның ішінде 70-ке жуығы – ІІ және ІІІ топ мүмкіндігі шектеулі жандар.
2017 жылы кәсіподақ ұйымы және компания басшылығы арасында бекітілген Ұжымдық шарттың аясында Компания қызметкерлері жоғары әлеуметтік пакетке ие. Қызметкерлер жақсы жалақы жүйесімен, мұнайшылар мен олардың отбасы мүшелері медициналық сақтандырумен қоса әртүрлі қосымша әлеуметтік және басқа да төлемдермен де қамтылып отыр.
Жыл сайын Компания зейнеткерлерін қолдауға қаражат бөлініп келеді.
Компания үшін маңызды саналатын құндылық – жұмысшылардың қауіпсіз ортада алаңсыз жұмыс жасауына және демалуына жағдай жасау. Осы орайда, соңғы 5 жылда бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандар іске қосылды. Атап айтсақ, Оңтүстік Шығыс Қамысты кен алаңында 30 орындық жатақхана, Жаңаталап кенішінде 50 орындық асхана, Кенбай кен орнында 100 орындық жатақхана, Қисымбай кен орнында 50 және С.Балғымбаев кенішінде 150 орындық асханалар пайдалануға берілді.
Салауатты өмір салтын ұстанатын қызметкерлер үшін компания Атырау қаласындағы бассейндер мен тренажер залдарына бару үшін жолдамалар беріп, барлық өндірістік құрылымдық бөлімшелердегі вахталық поселкелер базасында спортпен шұғылдануға жағдайлар жасалған. Қызметкерлердің компанияішілік және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ шеңберінде ұйымдастырылатын спорттық жарыстарға қатысуына қолдау білдірілуде.