Стратегиялық даму

«ЕМБІМҰНАЙГАЗ» АҚ ДАМУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

2018 жылдың сәуір айында «Ембімұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесімен 2027 жылға дейін бекітілді.

2027 жылға болжам

2027 жылы «Ембімұнайгаз» АҚ ұзақмерзімді дамуды қамтамасыз ететін жоғары білікті қызметкерлері мен тиімді ресурстық базасы бар, қауіпсіздіктің жоғары стандарттарына сай келетін, мажоритарлық мемлекеттік қатысуы бар, тиімділігі жоғары мұнай-газ компаниясы болады.

КОМПАНИЯ МИССИЯСЫ

Біз әлеуметтік және бизнес мүдделердің тепе-теңдігін сақтау арқылы компания жұмысшыларына тұрақтылықты, акционерлерге тиімділікті қамтамасыз ету үшін мұнай мен газды өндіреміз.

КОМПАНИЯ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

1. Адам өмірі – біздің басты құндылығымыз. Өзіміз және әріптестеріміз үшін қауіпсіздік мәдениетін енгізу арқылы жұмысшыларымыздың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету. Жұмысқа келген қызметкер отбасына аман-есен оралуы тиіс.

2. Әр істі соңына дейін жеткіземіз. Компания алға қойған мақсаттар мен нәтижелерге қол жеткізуге тырысады. Біз жақсы нәтижеге қол жеткізуге ынтасы жоғары жұмысшыларды бағалаймыз.

3. Туған жер мен Компанияға ұқыпты қарау. Компания қоршаған орта мен Компания мүлкіне ұқыпты қарайтын қызметкерлерді бағалайды.

4. Кәсібилік. Компания өз жұмысшыларының кәсіби біліктілігін арттыру үшін барлық жағдай жасауда. Біз білімін жетілдіруге ынтасы бар жұмысшыларды бағалаймыз және кәсіби тұрғыда өсуге бәріне бірдей жағдай жасаймыз.

5. Этика және жеке тұлғаға деген сыйластық. Компания сыйластық пен сенімге негізделген өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға ұмтылады.