Игерудің барлық әлеуетін қамту

09 маусым, 2021

Өнім өндірудің соңғы сатысындағы кен орындары үшін өзекті мәселе оларды игеру тиімділігін арттыру болып табылады. Тұтқырлығы жоғары мұнай кен орындарын игеру үшін қандай тәсілдер мен технологиялар енгізіліп жатқаны және компания горизонталды ұңғымаларды бұрғылаудан алған нәтижелері туралы «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасының геология және игеру жөніндегі орынбасары Қайрат ӘДІЛБЕКОВПЕН сұхбатында баяндалмақ.

- Қайырлы күн, Қайрат Әділбекұлы! Ең алдымен, Сізді кәсіби мереке Геолог күнімен құттықтауға рұқсат етіңіз. Осынау күрделі кезеңде Сізге мықты денсаулық, алдағы мақсаттарыңыздың орындалуын және жаңа кен орындарының ашылуын тілейміз. Оқырмандарға тұтқырлығы жоғары мұнай кен орындарын игеру үшін Компанияда қандай тәсілдер мен технологиялардың енгізіліп жатқанын айтып өтсеңіз.

- Құттықтауыңызға рахмет! Компания атынан барлық әріптес геологтарды төл мерекемен құттықтап, еңбектеріне табыс, отбасыларына амандық пен береке тілеймін!

Енді сұрағыңызға оралсам... Өздеріңізге белгілі, өнім өндірудің соңғы сатысындағы кен орындарында, әдетте, мұнайдың салыстырмалы түрде төмен тұтқырлығымен және серпімді су айдау режимінде игерілуімен сипатталатын жоғары өткізгіш қабаттарда шоғырланған «жеңіл» қорлар бірінші кезекте таусылады. Мұндай жағдайларда мұнайды қайта өндіру әдістерін қолдану арқылы қабаттың мұнайбергіштік коэффициентінің артуына ықпал ететін әдістер ерекше өзектілікке ие болады. Осындай технологиялардың бірі – полимерлі суландыру.

Полимерлі суландыру қабатқа химиялық әсер ету әдісіне жатады. Әдетте басқа сұйықтарға тән, полимерлі қоспа қабатқа айдалған кезде, өткізгіштігі жоғары қабаттармен, яғни, қарсылық күштері аз бағытта жүруге тырысады. Осы ретте екі әсердің үйлесімін жасайды, олар – мұнайды итеруші агенттің тұтқырлығын арттыру және сұйықтық ағынының динамикалық әртектілігін азайту арқылы кеуекті ортаның өткізгіштігін төмендету. Осының салдарынан қабатты полимерлі қоспамен тоғытудың қамту көлемі ұлғаяды. Бұл жерде полимерлі қоспаның негізгі ерекшелігі тек судың тұтқырлығын арттыру емес, сонымен қатар, қабаттың өткізгіштігін азайту.

Полимерлі суландыру тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақ (ТӨС) жобасы 2019 жылдың тамыз айында Кенбай кен орнының Ш.Молдабек учаскесінде мұнайы ауыр және жоғары тұтқырлықпен сипатталатын  М-II горизонтында жүзеге аса бастады. Мұндай кен орындарын су айдау арқылы игеру оң нәтиже бермей келеді және тәжірибе көрсетіп отырғандай, мұнай өндіру ұңғымаларының «агрессивті» сулануына әкеліп отыр.

Айдау ұңғымаларын таңдау және полимер қоспасының оңтайлы концентрациясы бойынша ауқымды талдау жұмыстары мен зертханалық зерттеулер жүргізілді. 2 сұйықтық айдаушы ұңғымалар және солардың ықпалында болатын 15 өндіруші ұңғымалары бар пилоттық учаске іріктелді. Учаскенің ауданы - 542,5 мың м2., тереңдігі – 165 м, қойнауқаттық жағдайдағы мұнайдың тығыздығы мен тұтқырлығы – тиісінше 0,893 г/см3 және сәйкесінше 217 сП, температурасы – 25 оС, өткізгіштігі 502 мД.

Сондай-ақ, 2021 жылы «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС біздің компанияның тапсырысы бойынша Кенбай кен орны Шығыс Молдабек учаскесінің тұтқырлығы жоғары мұнайын игеру бағдарламасын әзірледі. Оның ішінде, полимерлі суландырудан басқа бірқатар технологиялар бар. Атап айтсақ, ыссы су айдау, горизонталды ұңғымаларды бұрғылау, ұңғымаларды жоғары құм шығару деңгейі арқылы пайдалану, бір ұңғыманы бір мезгілде бірнеше қабатты игеруге пайдалану технологиясы. Соңғы атап өткен технологияны ТӨС өткізу жұмысын биыл бастауды жоспарлап отырмыз.

- «Ембімұнайгаз» АҚ бірнеше жыл бұрын горизонталды ұңғымаларды бұрғылауға батыл кірісе бастады. Бұл бағытта компания қандай жетістіктерге жетті?

Біз бұл горизонталды ұңғымаларды бұрғылау технологиясын енгізуді ең алдымен, мұнайға қаныққан қабаттарды ашу деңгейін ұлғайту арқылы көмірсутек қорларын игеру мен өндіру деңгейін арттыруды мақсат етіп қойдық. Бұл өз кезегінде ұңғымалардың өнімділік коэффициенті мен дренаждау аумағының өсуіне әкеледі.

Гидродинамикалық зерттеулер қорытындысымен, Шығыс Уаз кен орнынағы №111 ұңғыманың мұнай өнімділігінің орташа коэффициенті 72,5 (м³/тәул)/атм құраса,. сол Ю-III қабатындағы вертикалды ұңғыманың орташа өнімділік коэффициенті 9 (м3/тәул)/атм құрайды. Сәйкесінше, бұл кен орны бойынша горизонталды ұңғыманың өнімділік коэффициенті вертикалды ұңғымаларға қарағанда 8 есе артық.

2020 жылы Гран кен орнында №78 көлденең ұңғыма бұрғыланды. Оның ерекшелігі – бұл «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобы бойынша бұрғыланған алғашқы ең ұзын көлденең ұңғыма (қабатты ашу ұзындығы 941м). Сонымен қатар, 2020 жылы Оңтүстік Батыс Қамысты кен орнында Н-1 ұңғымасы бұрғыланды. Ұңғыма жоғары тұтқыр мұнаймен сипатталатын Альб-1 тайыз қойнауқатына тереңдігі 230м-ге бұрғыланды.

Биылғы жылы қазылып жатқан кейбір ұңғымалардың траекториясы күрделеніп кетті. Олар екі мұнай қойнауқатымен өтетін болады. Горизонталды оқпан алдымен бірінші қойнауқат арқылы өткізіліп, содан кейін екінші қойнауқатты тиімді аша алады. Бұл тәсіл екі әртүрлі қабатта орналасқан қойнауқаттарды максималды қамту арқылы игеруге мүмкіндік береді.

Алғашқы сәтті қазылған горизонталды ұңғымалар қорытындысы біз таңдаған бағыттың тиімділігін көрсетті. Сондықтан, жыл сайын горизонталды ұңғымалар санын көтеруді жоспарлап отырмыз. Яғни, 2019 жылы 4 горизонталды ұңғыма бұрғыланса, 2020 жылы – 9, ал, 2021 жылы 14 горизонталды ұңғыма бұрғылау жоспарлануда.

- Сұхбатыңызға рахмет!

 

1 сурет. С. Балғымбаев кен орнының 242 ұңғымасындағы соңғы геонавигациялық модель

1 суретте С. Балғымбаев кен орнының 242 ұңғымасындағы соңғы геонавигациялық моделі (I-Неоком горизонты) көрсетілген. Ұңғыманы бұрғылаудың барлық кезеңінде онлайн режимінде тұрақты бақылау жүргізілді. Нәтижесінде,  көздеген қабаттың вертикалды қалыңдығы 2-3м болуына қарамастан, горизонталды оқпанның ұзындығының (348 м) 80%-дан астамы мұнайға қаныққан болып шықты. Бұрғылау кезінде тиісті түзетулер енгізілмегенде, ұңғыма оқпаны I-неоком мен апт-неоком қабаттарының арасындағы сазды қабатқа түсер еді.

 2 сурет. Горизонталды ұңғыманы жоспарлау.

2 суретте 2021 жылы бұрғылауға жоспарланған горизонталды ұңғыманың жалпы сипаттамасы көрсетілген. Горизонталды секцияның бағанасы, алдымен, төменгі аралық қабатшада, кейін жоғарыға қойнауқатқа шығатындай етіп жасақталған.