"Ембімұнайгаз" АҚ 194 млрд 867 млн теңге салық төледі

24 тамыз, 2020

"Казсервис» қауымдастығының мұнай өндіруші компаниялардың салық төлеміне жасаған талдауына сәйкес, көш басында "Ембімұнайгаз" АҚ тұр. Бұл компанияның былтыр төлеген салығы 194 млрд 867 млн теңгеге жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Былтыр 1 тонна мұнайға 67 203 теңге салық төлеген "Ембімұнайгаз" АҚ жылдың қорытындысымен салықтық төлемдер бойынша көшбасшы атанды. Компания 2019 жылы 2 899 693 тонна мұнай өндірді. Өткен жылы республикалық және жергілікті бюджетке аударылған салық төлемдерінің жалпы сомасы 194 867 653 774 теңгені құрады" -деп хабарлады "Ембімұнайгаз" АҚ-ның қоғаммен байланыс қызметі.

Дереккөз: Egemen.kz