Даму жолында: «Ембімұнайэнерго» басқармасы 25 жылдығын атап өтті

13 желтоқсан, 2024

«Ембімұнайгаз» АҚ-ның (бұдан әрі – ЕМГ немесе Компания) «Ембімұнайэнерго» басқармасы 25 жылдық мерейтойын атап өтті. ЕМГ-ның маңызды құрылымдық бөлімшелерінің бірі саналатын басқарма 1999 жылдың 13 желтоқсан күні құрылған.

Ширек ғасыр уақыт бойы Ембімұнайэнерго Компанияның өндірістік және әлеуметтік нысандарын электрмен үздіксіз қамту жұмыстарын сәтті жүзеге асырып келеді.

Жөндеу аралық кезеңдерді ұлғайту және энерго үнемдеу жобалары, соның ішінде  ілеспе мұнай газынан электр энергиясын өндіру процессингі жобасы, басқарма станциялары мен әуе желілерін ауыстыру жұмыстары жүзеге асырылуда.

 «Ембімұнайэнерго» басқармасы өндірістің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады. 25 жыл ішінде қол жеткізген жетістіктері – ең алдымен ұжымның кәсібилігі мен бірлескен жұмыстарының жемісі» деді «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директорының міндетін атқарушы Рысты Тасмағамбетова.

  Салтанатты шара аясында «Ембімұнайэнерго» басқармасының тұңғыш басшысы, басқарманың қалыптасу жолында өзіндік қолтаңбасын қалдырған Дәрмен Бекімұлына арналған ескеркіш-тақта ашылды. Соңында өшпес із қалдырған Компания зейнеткерінің есімін ел жадында жаңғырту мақсатындағы тақтаның ашылу рәсіміне ҚР еңбек сіңірген өнеркәсіп қызметкері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Махамбет Батырбаев пен «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директорының міндетін атқарушы Рысты Тасмағамбетова және мұнайшы ардагерлер қатысты.

Мерейтойлық датаға орай, «Ембімұнайэнерго» басқармасының бір топ қызметкерлеріне Атырау облысы әкімінің Алғыс хаты, «Ембімұнайгаз» АҚ Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты табысталды.

Қоғаммен байланыс тобы

БАҚ-пен байланыс үшін:

Ғалия ҚАРАЖАНОВА: G.Karajanova@emg.kmgep.kz, +7 (7122) 99-34-21
Индира САТЫЛҒАНОВА:
І.Satylganova@emg.kmgep.kz, +7 (7122) 99-34-66

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ - «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен-Атырау-Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы «Qazaq Gaz» ҰК» АҚ арқылы жүзеге асады.  «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2023 жыл аралығында Ұлттық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 608 млрд. 835 млн. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 6 млрд 437 млн теңгеге жуық қаражат аударды.