«Үздік маман-2024»: ембіліктер 11 жүлделі орынды иеленді

14 қазан, 2024

Маңғыстау облысында «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының жұмысшы мамандықтары арасында дәстүрлі сайыс «Үздік маман-2024» байқауы өз мәресіне жетті. «Ембімұнайгаз» АҚ атынан 15 номинация бойынша 20 жұмысшы қатысты.

Байқаудың жабылу салтанатында ҚМГ басшысы Асхат Хасенов жиналғандарды құттықтап, барлық қатысушылар жақсы нәтиже мен жоғары кәсіби шеберлік көрсеткендерін атап өтті.

«ҚазМұнайГаз және оған қарасты барлық кәсіпорындар – ел экономикасының дамуына үлкен үлес қосып отырған компаниялар. Өңірлерде азаматтардың әл-ауқатын көтеруге бағытталған ауқымды әлеуметтік жобалар белсенді іске асырылуда. Бұған сіздердің әрқайсыңыздың қосып жатқан үлестеріңіз зор. «Үздік маман-2024» байқауы біздің мамандардың білім деңгейі мен кәсібилігінің жоғары екендігін тағы да дәлелдей түсті», — деп атап өтті А.Хасенов.

Байқау екі кезеңнен тұрды: теориялық білімді тексеруге арналған тестілеу және практикалық тапсырмаларды орындау.  Барлығы 17 номинация бойынша 300 адам қатысты. Биылғы шараға  алғаш рет Румыниядан келген KMG International қызметкерлері қатысып, сайыстың маңыздылығын арттырды. Байқаудың ақтық кезеңіне қатысушылар -  өз ұжымдары арасында іріктеуден өткен жеңімпаздар.

Байқаудың  жеңімпаздары:   

Үздік цементтеу агрегаты - 320 машинисі (моторисі)

1-орын – Асқар Беркалиев, Нұрлыбек Жұмағалиев, «Ембімұнайгаз» АҚ

Үздік технологиялық қондырғылар операторы

1-орын – Бердібек Әділов, «Ембімұнайгаз» АҚ

 Ұңғыларды жерасты жөндеу бригадасы

1-орын – Арман Қасанов, Болат Тәттібаев, Абат Имашев, Манарбек Ахмеджанов, «Ембімұнайгаз» АҚ

Үздік технологиялық сораптар машинисі

1-орын – Асқар Қарымсақов, «Ембімұнайгаз» АҚ

Үздік токарь

1-орын – Нұрсейіт Қоңырбаев, «Ембімұнайгаз» АҚ

Үздік электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету электр жөндеу-шісі

2-орын – Азат Шынтөреев, «Ембімұнайгаз» АҚ

Үздік химиялық талдау лаборанты (мұнай өндіру)

2-орын – Әсия Ахметова, «Ембімұнайгаз» АҚ

Үздік мұнай және газ өндіру операторы

2-орын – Аманкелді Ерсайынов, «Ембімұнайгаз» АҚ

Үздік қабат қысымын ұстау операторы

2-орын – Руслан Абдрахманов, «Ембімұнайгаз» АҚ

Үздік тауар операторы

2-орын – Ғани Ерғали,  Сәндібек Абилов, «Ембімұнайгаз» АҚ

Үздік жүргізуші

2-орын – Нуриахмет Ермеков, «Ембімұнайгаз» АҚ

Қоғаммен байланыс тобы
БАҚ-пен байланыс үшін:

Ғалия ҚАРАЖАНОВА: G.Karajanova@emg.kmgep.kz, +7 (7122) 99-34-21
Индира САТЫЛҒАНОВА:
І.Satylganova@emg.kmgep.kz, +7 (7122) 99-34-66

Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ - «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен-Атырау-Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы «Qazaq Gaz» ҰК» АҚ арқылы жүзеге асады.  «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2023 жыл аралығында Ұлттық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 608 млрд. 835 млн. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 6 млрд 437 млн теңгеге жуық қаражат аударды.