Serpin: Дамудың жаңа серпіні

10 қыркүйек, 2024

«Ембімұнайгаз» АҚ-да жүзеге асқан «Серпін» жобасы мәресіне жетті. Жоба  барысында компанияның жас мамандары кәсіби және тұлғалық өсуге ықпал ететін дағдылар мен қасиеттерді шыңдады.

Айта кету керек, әрбір қызметкердің әлеуетінің жаңа қырларын ашуға бағытталған бұл жоба компанияда екінші жыл жүзеге асырылуда. Биылғы жылғы оқу 5 модульден тұрды және Атырау, Ақтау, Алматы және Астана қалаларында өтті. Жобаға қатысушы 28 жас маман эмоционалдық интеллект және тиімді коммуникация, жеке тиімділік және жобаны бюджеттеу тақырыптарын меңгерді, жобаларды басқару және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын меңгерді.

Модульдік оқытудың қорытындысы бойынша «Ембімұнайгаз» АҚ өндірістік және әлеуметтік процестерін жетілдіру мақсатын көздеген 4 команда өз жобаларын қорғады. Мысалы, «Спарта» командасы қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы қызметкерлердің цифрлық картасын, «Директорлар кеңесі» командасы – қызметкердің әлеуметтік пакетін автоматтандыруды,  «Бірлік» командасы – еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында геймификация элементтерін өндірісте пайдалануды, «Just do it» командасы жұмыс орындарында және жұмысшылардың демалыс орындарында ауаның сапасын жақсартуды ұсынды. Барлық жобалар бұдан әрі жүзеге асыру мақсатында қолдау тауып, мақұлданды.

«Серпін» жобасының қорытынды шарасына қатысқан «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиев, «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры Ринат Ізмұханбет, «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директорының кадр және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Қайрат Әбенов «Серпін» сияқты жобалар қызметкерлерге стратегиялық ойлауға, дұрыс шешім қабылдауға, дағдарыстарды жеңуге және өз ортасында көшбасшы болуға көмектесетін жаңа білім ағынына серпін беретінін атап өтіп, жас мамандарға сәттілік тіледі.

«Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс тобы

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: 8 (7122) 99-32-09
Индира САТЫЛҒАНОВА
 І.Satylganova@emg.kmgep.kz тел: 8 (7122) 99-34-66

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы»  АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТҚжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2023 жыл аралығында аралығында Ұлтық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 608 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 6 млрд 437 млн теңге қаражат аударды.