Орталық Құлсары қаласында орналасқан және 150 орынға есептелген. Оған үш жастан алты жасқа дейінгібалалар қатысады.
Орталықтың ресми ашылу салтанатына «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов жәнеАтырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мурзиевқатысты.
«Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік шеңберіндебіз мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамдық өміргетолыққанды араласуы үшін барлық жағдайды жасаймыз. Осыған дейін 40 оңалту орталығын іске қостық, онда 40 мыңнан астам бала көмек алып жатыр. Сондай-ақбейімделген дене шынықтыру секцияларын ұйымдастырыпкелеміз, қазір олар 23 қала мен ауылда жұмыс істеп тұр. Биыл мүмкіндігі шектеулі азаматтар цифрлық мамандықтарбойынша білім алуды бастады. Осы жылдың соңына дейінТопта жұмыс істейтін қызметкерлердің санын 3000-ға жеткізу жоспарланып отыр, - деп атап өтті Нұрлан Жақыповқұттықтау сөзінде.
Орталық «Самұрық-Қазына» АҚ тобының атынан«Ембімұнайгаз» АҚ-ның қаржылық қолдауымен салынды.
Айта кетейік, «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлікқоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2023 жыл аралығында Ұлттық қор, республикалық жәнежергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 608 млрд. 835 млн. теңге, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға - 6 млрд 437 млн теңге қаражат аударды.