Ембіліктер KIOGE-2021 көрмесіне қатысты

07 қазан, 2021

Ембінің өндіріс және ІТ блогының бір топ қызметкері Нұр-Сұлтан қаласындағы 27-ші KIOGE-2021 «Мұнай және газ» қазақстандық халықаралық  көрмесіне қатысты. 

Биыл KIOGE көрмесіне Австрия, Бахрейн, Беларусь Республикасы, Ұлыбритания, Германия, Қазақстан, Нидерланды, Ресей және Хорватия елдерінен 156 компания қатысты.

Үш мың шаршы метр аумақты құрайтын экспозиция мұнай-газ саласының 13-тен астам бағытын қамтыды. Атап айтсақ, геология, геофизика, цифрландыру, инжинирингтік шешімдер, инфрақұрылымды дамыту және т.б.

Орталық стенд «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» АҚ экспозициясында компания туралы және мұнай мен газ өндіру, өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экологиялық мониторинг және т.б. салалардағы цифрлық шешімдер туралы ақпарат ұсынылды.

Көрме жұмысы барысында ембілік делегация көрмеге қатысушылар ұсынған технологиялармен және ұсыныстармен танысты, сондай-ақ, техникалық семинарларға қатысты.

          «Ембімұнайгаз» АҚ Ұйымдастыру бөлімі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның ұйымдастыру бөліміне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09

Анықтама:«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы»  АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2020 жыл аралығында Ұлтық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 189 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 4 млрд 600 млн теңгеден астам қаражат аударды.