Ембіде еңбек ұжымының үштен бірі коронавирусқа қарсы егілді

10 тамыз, 2021

«Ембімұнайгаз» АҚ-да (бұдан әрі ЕМГ) COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында жұмыс тобы құрылып, компанияға қарасты өндірістік құрылымдық бөлімшелердің ұжымдары арасында вакцинация бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу жалғасты.    

Өндірістік құрылымдық бөлімшелерде болған  жұмыс сапарларына ЕМГ Басқарма төрағасы Есен Қайыржан, Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Қанатбек Қасымғалиев, Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Рысты Тасмағамбетова, өндірістік бөлімшелердің басшылары және медицина саласының мамандары қатысты. «Жылыоймұнайгаз», «Қайнармұнайгаз», «Доссормұнайгаз» МГӨБ, «Ембімұнайэнерго» мен «ӨТҚжЖК» басқармасының ұжымдарымен болған кездесу барысында жұмыс беруші тарапынан қолға алынап жатқан барлық сақтық шаралары  кеңінен баяндалды.

- Бұл кездесудің мақсаты  ел бойынша қолға алып жатқан вакцинациялау жұмыстарының жүру барысын, пандемиядан сақтану жолының бірден-бірі –індетке қарыс екпе алу екенін  түсіндіру. Компания басшылығы ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері бекіткен Қаулыны басшылыққа ала отырып,  мұнайшылар арасында санэпидемиологиялық талаптардың мүлтіксіз орындалуын   жіті назарда ұстайды.  Сақтандыру шараларын талапқа сай сақтау – алдымен жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Ембі өндірісінің тұрақты жұмысын жүзеге асыру, - деп атап өтті ЕМГ Басқарма төрағасы Есен Қайыржан.

Кездесу барысында дәрігер мамандар мұнайшылардың тараптарынан болған сауалдарға жан-жақты жауап беріп, еліміз бойынша қолданылатын вакциналардың құрамы мен   олардың адам ағзасына тигізер әсеріне  және басқа да көптеген мәселелерге қатысты  толық ақпарат берді.  Жұмыс беруші тарапынан алдағы уақытта қолға алынатын шаралар да кеңінен баяндалды.

Түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде COVID-19 вакцинасын алған жұмысшылар саны  – 8-ден 30%-ға дейін өсті. Вакцина алған 1392 қызметкердің 956-ы екінші компонентпен егіліп, вакцинация паспортын алды. 

 

«Ембімұнайгаз» АҚ Ұйымдастыру бөлімі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның ұйымдастыру бөліміне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09

Анықтама:«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы»  АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2020 жыл аралығында ұлтық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 189 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 4 млрд 600 млн теңгеден астам қаражат аударды.