Мұнайлы Ембіде «Lean Six Sigma» бағдарламасы аясында 5 жоба сәтті жүзеге асты

26 мамыр, 2021

«Lean Six Sigma» - интеграцияланған әдістеме. Оның негізіне өндіріс шығындарын қысқартумен және процестерді жеделдетумен үнемді өндірістің американдық әдіснамасы және шығарылатын өнімнің сапасын арттыруға бағытталған жапондық әдістеме алынды.

«Ембімұнайгаз» АҚ-да (бұдан әрі ЕМГ) аталған әдіснама бойнша пилотты жобаларды дайындауға 2019 жылы «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» АҚ (бұдан әрі ҚМГ) Цифрлық трансформация бағдарламасы шеңберінде кірісті. Соңғы екі жылда ембіліктер жасақтаған жобалар өз тиімділігін дәлелдеп, ал, жобаға қатысушылар ҚМГ-нің Алғыс хаттарымен және компания атынан сыйақылармен марапатталды. 

- Пилотты жобалармен жұмыс барысында біздің қызметкерлер бизнес-процестерді ұйымдастырудың әдеттегі тәсілдеріне жаңаша көзқараспен қарады. Өздерінің тәжірибелік учаскелерінде өндірістік қызметтің тиімділігін арттырудың түрлі нұсқасын іздестіріп, тестіледі. Компанияның әрбір қызметкері «Lean Six Sigma» құралының көмегімен үнемді өндірісті ұйымдастыруға қомақты үлес қосуға, өз жұмысының сапалық көрсеткіштерін арттыруға және жалпы компания шығындарын оңтайландыруға қабілетті екенін түсінуі өте маңызды. Жоба сәтті енгізілген жағдайда, инициативті қызметкер компания атынан материалдық сыйақы алады, - деп атап өтті ЕМГ Басқарма төрағасы Есен ҚАЙЫРЖАН.

Жобаларды іске асыру барысында ембіліктер автокөлік құралдары мен арнайы техниканы тиімді пайдалану бойынша шешімдер әзірлеп, енгізді, тербелмелі станоктардың бұзылуын азайтты, ұңғымаларды жерасты жөндеу цехының арнайы техникасының күту уақытын қысқартты, кен орындарының бірінде тербелмелі станоктардың сыналық белдіктердің қызмет ету мерзімін ұлғайтуға қол жеткізді және тәжірибелік учаскелердің бірінде жоспардан тыс жөндеулерді жойды.

   

«Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі 

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама:«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы»  АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2020 жыл аралығында ұлтық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 189 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 4 млрд 600 млн теңгеден астам қаражат аударды.