Цифрландыру жалғасуда: Ембінің мұнай-газ өндіру басқармаларында визуализациялық орталықтар ашылды

21 сәуір, 2021

«Ембімұнайгаз» АҚ-да (бұдан әрі ЕМГ) өндірістік үдерісті цифрландыру бойынша жұмыстар жалғасуда. ағымдағы жылдың наурыз айында Ембіге қарасты «Жылыоймұнайгаз», «Доссормұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» және «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармаларында  Жедел әрекет ету орталығы толық іске қосылды. Жаңа орталықтарда технологтар, геологтар, көлік қызметкерлері басқа да мамандар өз бағыттары бойынша өндірістік процестердегі өзгерістерді жедел қадағалап, орын алған тоқтауларды тез арада жояды.

- Егер бұрын «Интеллектуалдық кен алаңы» жобасы аясында цифрлық деректерді басқару ЕМГ-ның бас кеңсесінде жүргізілген болса, енді әрбір МГӨБ базасында өндірістік процестерді бақылауға, ұңғымалар мен кәсіпшілік жабдықтардың жұмысында туындаған өзгерістер жедел байқауға және оларды қалпына келтіруге, осылайша ұңғымалар мен кәсіпшілік жабдықтардың істен шығып, тұрып қалу уақытын қысқартуға және шығындарды азайтуға мүмкіндік береді, - дейді өндірісті автоматтандыру және ақпарат технологиясы департаментінің директоры Болат НСАНБАЕВ.

Орталықтардың барлығы да ақпаратты интерактивті ұсынудың заманауи техникалық құралдарымен жабдықталған. Бұл мәліметтер Компанияның бас кеңсесіндегі онлайн-режим жүйесі арқылы өндірісті қашықтықтан басқару мүмкіндігіне ие Өндірісті жедел басқару орталығына тікелей түсіп отырады. Нақтырақ айтсақ, технологиялық үдерістерді басқару автоматтандырылған жүйесін, жөндеу бригадалары мен көлік мониторингін бақылау жүйесін, Компанияның «Сандық кен алаңы» тұжырымдамасына қосылған кен орындарындағы әр ұңғыманың мәліметтерін бірнеше шақырым қашықтықта отырып-ақ экран арқылы бақылап отыруға мүмкіндік қарастырылған. Соның негізінде дереу шешімдер қабылданады.

ЕМГ көлік департаменті автокөлік бөлімінің бастығы Мәлік ТӨРЕСАЕВТІҢ мәлімдеуінше, визуализациялық орталықтарда кен орындарындағы көлік қозғалысы, атап айтсақ, тапсырыстардың орындалуы, көлік құралдарының жүру бағыты және маршруттан ауытқуы да бақылауда болады. Бұл жобаны енгізудің негізгі мақсаты – ең алдымен, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Визуализациялық орталықтардың көмегімен болашақта бұрғылау, ұңғыманы күрделі жөндеу, жерасты жөндеу процесін онлайн режимде жүзеге асыру мүмкіндігі пайда болмақ. Бұл өз кезегінде негізгі өндірістік процестерді қашықтықтан бақылауға қызметкерлерді тарту мүмкіндігін арттырады.

Естеріңізге сала кетейік,  ЕМГ-да цифрландыру жобасын іске асыру жұмыстары 2016 жылы Уаз кен орнында («Қайнармұнайгаз» МГӨБ) «Интеллектуалдық кен алаңы» пилоттық жобасын енгізуден басталды. Ембінің «Интеллектуалдық кен алаңы» жобасы «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына енгізілген. «Интеллектуалдық кен алаңы» жүйесін өзге кен орындарына тарату мақсаты – мониторинг жүргізу, талдау, мұнай өндіруді және басқа да бизнес-үдерістерді оңтайландыру бағытындағы жедел шешімдерді қабылдау үшін компанияның өндірістік процестерді басқару орталығына нақты уақыт режимінде түсетін ақпаратты кейіннен шығару, бизнес-процестерді автоматтандыру. Қазіргі таңда аталған жүйе төмендегі кен орындарына таратылды:

    - 2017 ж. Прорва кен алаңдары тобына («Жылоймұнайгаз» МГӨБ): Сағидолла Нұржанов, Батыс Прорва, Досмұхамбетов, Ақтөбе;

    - 2018 ж. Жаңаталап кен орнына («Жайықмұнайгаз» МГӨБ») және Шығыс Мақат («Доссормұнайгаз» МГӨБ);

    - 2019 жылдан 2020 жыл аралығында - Шығыс Молдабек («Қайнармұнайгаз» МГӨБ).

 

«Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама: «Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2020 жыл аралығында ұлтық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 189 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 4 млрд 600 млн теңгеден астам қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.