Ембіде үздік жүргізушілер марапатталды

07 желтоқсан, 2020

4-желтоқсанда «Ембімұнайгаз» АҚ-ның (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) акт залында «Сапарларды басқару» жобасының таныстырылымы өтті. Марапаттау жиынына «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі ҚМГ) еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Қ.Т.САҚТАҒАНОВ, «Ембімұнайгаз» АҚ басшылығы, басқару аппараты мен өндірістік бөлімшелер қызметкерлері қатысты.

Біздің қызметкерлеріміз – «ҚазМұнайГаз» компаниясы тобының ең басты активі болып табылады. Өткен жыл күрделі кезең болды, дегенмен, белгіленген мақсаттарға жете білдік. Пандемияға және онымен байланысты барлық қауіптерге қарамастан, жанқиярлықпен жұмыс істеген, сондай-ақ, осы жылды авариясыз және жол қозғалысы ережелерін бұзбай аяқтаған ембілік жүргізушілерге ризашылығымды білдіремін, - деп атап өтті Қайрат САҚТАҒАНОВ. 

2020 жылдың қорытындысы бойынша қауіпсіздік техникасын сақтаудағы үлгілі тәртібі және қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының Алғыс хатымен бір топ жүргізушіні Қайрат Сақтағанов марапаттады. Олардың қатарында  «Доссормұнайгаз» МГӨБ машинистері Қайрат ҚОРДАШОВ, Есенбек ТАЙБУРИЕВ, «Қайнармұнайгаз» МГӨБ жүргізушілері Асқар АБДРАХМАНОВ Бақыт  ӘБІШЕВ, «Жайықмұнайгаз» МГӨБ жүргізушілері Нұрлан ӨТКЕЛБАЕВ, Ардақ РАХМЕТОВ, «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ жүргізушілері Сәкен СЕЙТУОВ, Асқар ЖҰМАЛИЕВ, ӨТҚжЖК басқармасының жүргізушісі Леонид  ТАМБОВЦЕВ, «Ембімұнайэнерго» басқармасының жүргізуші машинисі Ерболат АТАПКЕЛОВ бар. Сонымен қатар, «Сапарларды басқару» жобасы бойынша жұмыстарды ұйымдастырғаны үшін «Ембімұнайгаз» АҚ көлік департаментінің мониторинг және көлік есебін жүргізу бөлімінің бастығы Қуандық ҚАЛАУОВ та Бас компанияның Алғыс хатымен марапатталды.

 

«Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама: «Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2020 жылдың 9 айы аралығында Ұлтық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 119 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 4 млрд 392 млн теңгеден астам қаражат аударды.

«Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.