Мұнайлы Ембінің Директорлар кеңесі құрамы өзгертілді

10 шілде, 2020

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқармасының 2020 жылғы 25 маусымдағы шешімімен «Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі ЕМГ) директорлар Кеңесінің мүшелері Есқазиев Құрманғазы Орынғазыұлы мен Украсин Игорь Александровичтің өкілеттілігі  мерзімінен бұрын аяқталды. Осы шешіммен ЕМГ директорлар Кеңесінің 6 адамнан тұратын жаңа құрамы бекітілді: 

Марабаев Жақып Нәсіпқалиұлы

«Ембімұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқармасы төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы

«Ембімұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің директоры

Бекназарова Айгүл Жақсықұлқызы

«Ембімұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қаржы департаментінің директоры

Есен Қайржан

«Ембімұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы

Ізбасов Мақсым Шафихұлы

«Ембімұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры

Ертлесова Жаннат Жорғалиқызы

«Ембімұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры, «Эксперт Қазақстан» ЖШС директоры.

«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі

 

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компания» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» АҚ 2012 ж.1-қарашасынан  2019 жылы аралығында республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн     теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.