Атырауда мұнайшыларды дайындайтын оқу-өндірістік полигонның құрылысы басталды

04 қараша, 2024

С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай-газ уиверситетінде (АтМГУ) оқу-өндірістік полигонның құрылысы басталды. Құрылыс жобасы «Ембімұнайгаз»АҚ-ның қаржылық қолдауымен жүзеге асуда.

«Біздің мақсат – мұнай-газ саласының мамандарын  даярлауда, сол арқылы кәсіби кадрлар құрамын дамытуда жергілікті университетке қолдау көрсету», - деп атап өтті «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Рысты Тасмағамбетова

Оқу-өндірістік полигонында студенттер мен оқытушылар озық технологияларды пайдалана отырып, кәсіби дағдыларды меңгерумен қатар,  нақты өндірістік мәселелерді шеше алады.  Жер қойнауын барлаудан мұнай өнімдерін өңдеуге дейінгі- өндірістік процестер толық қамтылады.

Полигонда заманауи зертханалар, оқу-өндірістік алаңдар және  тәжірибелік қондырғылар, инновациялық шешімдерді тестілеу алаңдары қарастырылған.

Оқу базасының аумағында тәжірибелік сабақтар ғана емес, ғылыми зерттеулер де жүргізіледі.

Атап өту керек, АтМГУ қазақстандық жоғары оқу орындарының  арасында алғашқы болып оқу-өндірістік полигонын іске қосты. 

Қоғаммен байланыс тобы
БАҚ-пен байланыс үшін:

Ғалия ҚАРАЖАНОВА: G.Karajanova@emg.kmgep.kz, +7 (7122) 99-34-21
Индира САТЫЛҒАНОВА: І.Satylganova@emg.kmgep.kz, +7 (7122) 99-34-66

Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ - «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен-Атырау-Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы «Qazaq Gaz» ҰК» АҚ арқылы жүзеге асады.  «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2023 жыл аралығында Ұлттық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 608 млрд. 835 млн. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 6 млрд 437 млн теңгеге жуық қаражат аударды.