«Ембімұнайгаз» АҚ комплаенс-офицерлерін оқыту семинарына қатысты

21 қазан, 2024

«Ембімұнайгаз» АҚ Атырау облысының квазимемлекеттік секторының комплаенс қызметін бойынша оқыту семинарына қатысты. Аталмыш шараны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті мен Атырау қалалық ішкі саясат басқармасы бірлесіп ұйымдастырды.

Семинарға спикер ретінде қатысқан «Ембімұнайгаз» АҚ аналитигі Шыңғыс Нәсіпқалиев комплаенс қызметінің негіздерін түсіндіріп, осы саладағы практикалық тәжірибелерімен бөлісті.

- «Ембімұнайгаз» АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектісі ретінде өз қызметінде сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын басшылыққа алады және заңнамада белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қатаң сақтайды. Бұл шара құқықтық сауаттылықты арттыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал ететіні сөзсіз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру және сақтау, оларды квазимемлекеттік сектордың әрбір қызметкерінің бойына сіңіру – біздің басты міндетіміз, - деп атап өтті Ш.Нәсіпқалиев.

 Шараға 40-қа жуық адам қатысты. Семинарда комплаенс қызметінде туындайтын нақты жағдайлар мен оларды шешу жолдары талқыланды. Қатысушылар кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы ойларын ортаға салды.

«Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс тобы

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmg.kz тел: 8 (7122) 99-32-09
Индира САТЫЛҒАНОВА
 І.Satylganova@emg.kmg.kz тел: 8 (7122) 99-34-66

Анықтама: «Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы»  АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТҚжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады.