«Ембімұнайгаз»АҚ (ЕМГ немесе Компания) Қызылқоға ауданының 80-жылдық мерейтойына орай Тайсойған ауылындағы Ғ.Сланов атынлдағы орта мектепке микроавтобустың кілтін табыстап, Миялы селосының орталық стадионында қазақстандық танымал әншілердің қатысуымен өткен мерекелік концертте ембілік мұнайшылар да өз өнерлерін көрсетті.
Мерекелік шараға қатысқан «Ембімұнайгаз»АҚ Бас директорының геология және игеру жөніндегі орынбасары Асқар Мұнара Қызылқоға ауданының әкіміне компания басшылығының құттықтау адресаты мен микроавтобустың кілтін табыс етті.
«Ембімұнайгаз»АҚ әлеуметтік жауапкепршілікті жоғары қоятын отандық компания екенін өздерінің ұзақ жылдан бері жалғасып келе жатқан қайырымды іс-шараларымен дәлелдеп келеді,-деп атап өтті өз сөзінде Асқар Мұнара. Соның ішінде, ЕМГ Қызылқоға ауданында көптеген әлеуметтік-мәдени нысандардың құрылысына қаржылай қолдау көрсеткен.
Бүгінгі таңда 300-ге жуық бала білім алып жатқан Ғ.Сланов атындағы орта мектептің ұстаздар қауымы пәндік олимпиадалар мен спорттық сайыстарда жүлделі орындар иеленіп, жақсы нәтижелерімен ауданның намысын биіктен қорғап жүрген оқушылар үшін бұл сыйлықтың маңыздылығын ерекше айтып отыр.
Жалпы, Атырау облысы бойынша Компания жер қойнауын пайдалану келісімшартына сай мұанйлы өңірдің инфрақүрылымын дамытуға 2019-2024 жылдар аралығында 3 млрд. астам қаражат аударды.
Қоғаммен байланыс тобы
БАҚ-пен байланыс үшін:
Ғалия ҚАРАЖАНОВА: G.Karajanova@emg.kmgep.kz, +7 (7122) 99-34-21
Индира САТЫЛҒАНОВА: І.Satylganova@emg.kmgep.kz, +7 (7122) 99-34-66
Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ - «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен-Атырау-Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы «Qazaq Gaz» ҰК» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2023 жыл аралығында Ұлттық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 608 млрд. 835 млн. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 6 млрд 437 млн теңгеге жуық қаражат аударды.