«Ембімұнайгаз» АҚ Қазақ мұнайының 125 жылдық мерейтойына орай бірнеше әлеуметтік жобаларды қолға алынды. Солардың бірі – «Мектепке жол» акциясы. Мұнайлы өңірдегі әлеуметтік көмекке мұқтаж және көпбалалы отбасыларының 500-ге тарта баласына мектепке қажетті құралдардан көмек көрсетілді.
- «Мектепке жол» акциясы ембілік мұнайшылар тарапынан жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Биылғы дәстүрлі шара Қазақ мұнайының 125 жылдық мерекесіне орайластырылып отыр. Әлеуметтік жағдайы аз қамтылған және көпбалалы отбасылар балаларын оқу жылына дайындау мақсатында арнайы мектеп құралдарымен жабдықталған (барлығы 25 құрал) рюкзак табысталуда,- деп атап өтті «Ембімұнайгаз» АҚ Әлеуметтік саясат және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің директоры Қуандық Калидуллин.
Атырау өңірінің жұртшылығына әрдайым қолдау көрсетуді алдыңғы қатарға қоятын «Ембімұнайгаз» АҚ әлеуметтік жауапкершілікті жоғары бағалайды. «Мектепке жол» акциясын ембіліктер жыл сайын жергілікті әкімшілікпен бірлесе отырып атқарып келеді. Биылғы жобаның аясында әлеуметтік көмек көрсетілетін балалардың тізімі Атыраудағы «Жүректен-жүрекке» үкіметтік емес ұйымымен бірлесе отырып жасалынды. Атырау қаласы бойынша – 86 оқушы, Мақат ауданы бойынша – 75, Жылыой ауданынан – 75, Қызылқоға ауданынан – 75, Исатай ауданы бойынша – 75, Индер ауданынан – 35, Махамбет ауданы – 35, Құрманғазы ауданынан 35 балаға көмек көрсетілді.
«Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс тобы
Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: 8 (7122) 99-32-09
Индира САТЫЛҒАНОВА І.Satylganova@emg.kmgep.kz тел: 8 (7122) 99-34-66
Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТҚжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2023 жыл аралығында аралығында Ұлтық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 608 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 6 млрд 437 млн теңге қаражат аударды.