«Мерейлі мұнайшы» байқауының жеңімпаздары анықталды

15 тамыз, 2024

«Ембімұнайгаз»АҚ-да (бұдан былай ЕМГ немесе Компания)     «Мұнайшы қыз» клубының ұйымдастыруымен «Мерейлі мұнайшы» корпоративтік шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау шарасы өтті. 

Байқау Қазақ мұнайының -125 жылдығының аясында ұйымдастырылды. Ұжымішілік коммуникацияны дамытуды көздеген шығармашылық конкурста ұжым мүшелері екі номинация бойынша сынға түсті. «Тарихтан сыр шерту»  номинациясында қазақстандық ардагер мұнайшылардың еңбектеріне құрмет көрсету, мәртебелі мамандыққа деген сыйластықты дамыту мақсат етілді.

Қатысушылар мұнайдың 125 жылдық тарихында орын алған маңызды оқиғалар мен  майталман мұнайшылардың еңбектерін сахналады. 

Байқаудың екінші номинациясы - «Өнерлі ортада» Құрманғазы мен Махамбет күйлері, Мұрат Мөңкеұлының термелерін нақышына келтіріп топтық орындау  мақсат етілді.

- «Мерейлі мұнайшы» байқауы биыл төртінші рет өтіп отыр. Жыл сайын байқауға түскен шығармашылық жұмыстардың сапасы көтеріліп келеді. Бұл -арамызда өнерлі мұнайшылардың көп екендігін айғақтаумен қатар, олардың байқау шартына үлкен жауапкершілікпен қарап, жан-жақты дамуға зейін қойғандығының көрінісі. Келесі жылы «Мерейлі мұнайшыға» - 5 жыл. Мерейлі датаға ембіліктер үлкен дайындықпен келеді деген ойдамыз, - деді  өз сөзінде «Ембімұнайгаз»АҚ Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, «Мұнайшы қыз» клубының төрайымы Рысты ТАСМАҒАМБЕТОВА

Құрамына ЕМГ қызметкерлерімен қатар мәдениет саласының мамандары енген әділ қазылар алқасының ұйғарымымен «Тарихтан сыр шерту» номинациясы бойынша I орынды - «Қайнармұнайгаз» МГӨБ, II орынды- «Ембімұнайэнерго», III орынды - «Жайықмұнайгаз» МГӨБ ұжымы иеленді.

«Өнерлі орта» номинациясында:  I орынға – «Доссормұнайгаз» МГӨБ, II орынға- Орталық басқару аппараты, III орынға - «Жайықмұнайгаз» МГӨБ ұжымының жұмыстары лайық деп танылды.

Жеңімпаздар дипломмен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

БАҚ-пен байланыс үшін:

Ғалия ҚАРАЖАНОВА: G.Karajanova@emg.kmgep.kz, +7 (7122) 99-34-21
Индира САТЫЛҒАНОВА: І.Satylganova@emg.kmgep.kz, +7 (7122) 99-34-66

Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ - «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен-Атырау-Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы «Qazaq Gaz» ҰК» АҚ арқылы жүзеге асады.  «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2023 жыл аралығында Ұлттық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 608 млрд. 835 млн. теңге, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға - 6 млрд 437 млн теңге  қаражат аударды.