«Ембімұнайгаз» АҚ-ның (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) жаңа Бас директоры тағайындалды.
Компанияның Директорлар кеңесінің 17-шілдедегі №24 шешімімен Компанияға басшылық жасап келген Сәбит Әбілдаұлы Арыновты басқа жұмысқа ауысуына байланысты мерзімінен бұрын қызметінен босату және Компанияның Бас директоры лауазымына Ринат Нұрғожаұлы Ізмұханбетті тағайындау туралы шешім қабылданды.
Кәсіпорын ұжымына жаңа басшыны «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиев таныстырды.
Жиын барысында ҚМГ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қ.Есқазиев «Ембімұнайгаз» компаниясы үшін 2024 жылдың алғашқы жартыжылдығы бірқатар өндірістік көрсеткіштер бойынша сәтті аяқталғанын, өндірістік жоспар артығымен орындалып, қосымша мұнай алуға, тапсыруға қол жеткізілгенін атап өтті.
Сондай-ақ, бір жыл жарым уақытқа жуық «Ембімұнайгазға» басшылық жасаған Сәбит Әбілдаұлына қызметі үшін «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы басшылығы атынан алғысын білдіріп, Ембінің тізгінін жаңадан қолға алып жатқан Ринат Нұрғожаұлынының алдағы қызметіне сәттілік тіледі.