Журналистер арасындағы байқау қорытындыланды

05 шілде, 2024

«Ембімұнайгаз» АҚ қазақ мұнайының 125 жылдығына орай бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арасында тұңғыш рет шығармашылық байқау ұйымдастырды.

Байқаудың ерекшелігі – журналистер «Ембімұнайгаз» компаниясының өткені мен бүгінгісін бейнелейтін жазба материалдарын, фото, видеоматериалдарды ақпараттық сайттар мен әлеуметтік желі-мессенджерлерде (Facebook, Instagram, Telegram, Tik Tok) және You Tube видеохостингі арқылы ұсынды.

Конкурсқа жұмыстар 4 номинация бойынша қабылданды:

- Үздік креативті пост

- Үздік аналитикалық жарияланым

- Үздік фото

- Үздік бейнеролик (рилс)    

- Журналистер – қоғамдық пікірді туғызушы мамандық иелері. Біз тек өңіріміздегі ғана емес, республикалық бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз қарым-қатынастамыз. Алғашқы байқауда сіздердің белсенділіктеріңізді ерекше атап өткім келеді. Мұнайшылардың еңбектерін насихаттап, ел экономикасының дамуына қосып жатқан үлестерін жұртшылыққа жеткізудегі қызметтеріңізге алғысымызды білдіреміз, - деп атап өтті байқауды қорытындылау шарасында «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры Сәбит Арынов.

Ұсынылған жұмыстарға қойылған басты талап –  жарияланым/посттарда #ембімұнайгазбайқау, #эмбамунайгазконкурс, #Ембібейнесі, #ЛицаЭмбы, #Ембідамуы, #Эмбамунайгазсозидание хештегтерін көрсетіп, Ембінің әлеуметтік желілердегі парақшаларымен бөлісу болды.  Сонымен қатар, жеңімпаздар тақырыптың ашылуы, байқау талабына сай келуі бойынша анықталды. Лайк саны, қаралым, бөлісу көрсеткіші ескерілді. Бұған қоса, байқау жарияланған мерзім аралығында жазылған, түсірілген авторлық жұмыстар ғана қабылданды.

Ай жарым уақытқа созылған алғашқы байқауға 27 журналист қатысып, 60 жұмысын ұсынды.

Қазылар алқасының құрамында Компанияның жауапты қызметкерлері және белгілі журналистер болды. Қазылар алқасының талқысынан кейін төмендегідей жүлдегерлер анықталды. «Үздік фото» номинациясы бойынша ұсынылған фотолардың ішінде тақырыпты ашу, фотоның тарихын түсіндіру жұмыстарының болмауына байланысты, бұл номинацияда жүлдегерлер таңдалмады.

«Үздік креативті пост» номинациясы:

І орын – Базаргүл Ізімова ( «Астана» телеканалы);

ІІ орын – Ляззат Салимова ( АТРpress.kz сайты);

ІІІ орын – Светлана Новак (Прикаспийская коммуна» газеті);

Ынталандыру - Амангелді Мутигуллин («Атырау өңірінің энергетигі» газеті),     Динара Қанбетова (АТРpress.kz сайты);

«Үздік аналитикалық жарияланым» номинациясы:

І орын – Назарбек Қосшиев («Атырау» газеті);

ІІ орын – Жанар Әмірова (Caspian news телеканалы);

ІІІ орын – Амандық Сағынтайұлы (АТРpress.kz сайты);

Ынталандыру - Марина Қуанышева (Прикаспийская коммуна» газеті);

«Үздік бейнеролик (рилс)» номинациясы:

І орын – Гүлзада Ниетқалиева («Сарайшық» газеті);

ІІ орын – Нұрбейбіт Нұғыманов ( «Ақ Жайық» газеті);

ІІІ орын – Мөлдір Бақыт ( «Ұлысмедиа» сайты);

Ынталандыру – Мөлдір Ғалым (Caspian news телеканалы);

Үздік жұмыстар авторларын марапаттау шарасы Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай бас кеңседе ұйымдастырылды. Үздік авторларға ақшалай сыйақы және ынталандыру сыйақылары табысталды. Және барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табыс етілді.

 «Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс тобы

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: 8 (7122) 99-32-09
Индира САТЫЛҒАНОВА
 І.Satylganova@emg.kmgep.kz тел: 8 (7122) 99-34-66

Анықтама: «Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы»  АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТҚжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2023 жыл аралығында аралығында Ұлтық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 608 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 6 млрд 437 млн теңге қаражат аударды.