Спартакиада жеңімпаздары анықталды

14 маусым, 2024

10-13 маусым күндері Атырау қаласында «Ембімұнайгаз» АҚ-на қарасты басқармалар арасында дәстүрлі спартакиада өтті. Биыл спартакиадада 500-ге жуық ембілік мұнайшы-спортшы спорттың 13 түрінен бақ сынасты.

«Атырау» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде спартакиаданың ашылу салтанаты өтіп, «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры Сәбит Арынов қатысушыларға сәттілік тіледі.

- «Ембімұнайгаз» компаниясы жұмыскерлерінің табысты еңбек етіп, жұмыстан бос уақытта спортпен айналысып, саламатты өмір салтын ұстануына қолдау көрсетіп келеді. Мұнайшылар спортпен айналысып қана қоймай, оны үлкен ынтымақ-бірліктің шарасы – спартакиада ауқымына көтеріп отыр. Бұл спартакиада «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясына қарасты еншілес мекемелер арасында өтетін жарысқа іріктеу турнирі болып табылады, - деп атап өтті Компания басшысы Сәбит Арынов.

Спорт жарыстары Атырау қаласындағы 8 спорттық нысанда өтті.

Үстел теннисі (әйелдер)

І орын - Тамара Сабирова («Жайықмұнайгаз» МГӨБ)

ІІ орын - Светлана Орынтаева («Доссормұнайгаз» МГӨБ)

ІІІ орын - Гүлжайна Ғұмарғалиева («Қайнармұнайгаз» МГӨБ)

Үстел теннисі (ерлер)

І орын - Қуаныш Айтуғанов («Қайнармұнайгаз» МГӨБ)

ІІ орын - Жасулан Каким («Жылыоймұнайгаз» МГӨБ)

ІІІ орын -  Амангелді Байзақов («ӨТҚжЖКБ»)

Шахмат (әйелдер)

І орын – Құралай Сагинаева (Басқару аппараты)

ІІ орын – Ақмарал Усалиева («Жайықмұнайгаз» МГӨБ)

ІІІ орын - Орынгүл Жанаисова («Доссормұнайгаз» МГӨБ)

Шахмат (ерлер)

І орын – Асылбек Ғаллам («Жайықмұнайгаз» МГӨБ)

ІІ орын – Ерлан Жұмағалиев («Доссормұнайгаз» МГӨБ)

ІІІ орын – Білімпаз Қабдолов («Жылыоймұнайгаз» МГӨБ)

Тоғызқұмалақ (әйелдер)

І орын – Айнұр Меңдібай («Жайықмұнайгаз» МГӨБ)

ІІ орын – Гүлзира Алдашбаева («Жылыоймұнайгаз» МГӨБ)

ІІІ орын – Жанат Арыстанова («Доссормұнайгаз» МГӨБ)

Тоғызқұмалақ (ерлер)

І орын – Ғабиден Шанқанов («Қайнармұнайгаз» МГӨБ)

ІІ орын – Сырым Мұратов («Жайықмұнайгаз» МГӨБ)

ІІІ орын – Ақылбек Естеков («Жылыоймұнайгаз» МГӨБ)

Волейбол (әйелдер)

І орын – «Жайықмұнайгаз» МГӨБ

ІІ орын – «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ

ІІІ орын – Басқару аппараты

Волейбол (ерлер)

І орын – «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ

ІІ орын – «Қайнармұнайгаз» МГӨБ

ІІІ орын – «Доссормұнайгаз» МГӨБ

Баскетбол

І орын – «Ембімұнайэнерго» басқармасы

ІІ орын – «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ

ІІІ орын – «ӨТҚжЖК» басқармасы

Киберспорт

І орын – «Жайықмұнайгаз» МГӨБ

ІІ орын – Басқару аппараты

ІІІ орын – «Доссормұнайгаз» МГӨБ

Асық ату

І орын – Серік Әбілғазиев («Доссормұнайгаз» МГӨБ) 

ІІ орын – Ерлан Жұмағалиев («Қайнармұнайгаз» МГӨБ)

ІІІ орын – Дастан Әділбекұлы («Жайықмұнайгаз» МГӨБ)

Бес асық

І орын – Гауhар Мекебаева (Басқару аппараты)

ІІ орын – Светлана Орынтаева («Доссормұнайгаз» МГӨБ)

ІІІ орын – Марта Қарғабаева («Жылыоймұнайгаз» МГӨБ)

Жүзу (әйелдер, 50 м)

І орын – Динара Мұхамбеткалиева (Басқару аппараты)

ІІ орын – Лаура Максудова («ӨТҚжЖК» басқармасы)

ІІІ орын – Рыскүл Мұхамбетқалиева («Қайнармұнайгаз» МГӨБ)

Жүзу (ерлер, 100 м)

І орын – Ақылбай Елемесұлы («Ембімұнайэнерго» басқармасы) 

ІІ орын – Әли Бексейітов   («Қайнармұнайгаз» МГӨБ)

ІІІ орын – Қанжарбек Жолымбетов («Жайықмұнайгаз» МГӨБ)

Жеңіл атлетика (эстафета)

І орын – «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ

ІІ орын – «Жайықмұнайгаз» МГӨБ

ІІІ орын – Басқару аппараты

Армрестлинг (әйелдер, 60 кг дейін)

І орын – Айымгүл Жұмағұлова (Басқару аппараты)

ІІ орын – Маншүк Төлепова («Қайнармұнайгаз» МГӨБ)

ІІІ орын – Жібек Бохаева («Жылыоймұнайгаз» МГӨБ)

Армрестлинг (әйелдер, +60 кг)

І орын – Гүлзада Габдуллина (Басқару аппараты)

ІІ орын – Анар Әжіғалиева («Қайнармұнайгаз» МГӨБ)

ІІІ орын – Ләззат Сағызбаева («Жылыоймұнайгаз» МГӨБ)

Армрестлинг (ерлер, 80 кг дейін)

І орын – Берік Қалешов («Жайықмұнайгаз» МГӨБ)

ІІ орын – Әділбек Табылдиев («Жылыоймұнайгаз» МГӨБ)

ІІІ орын – Әлібек Әділханов («Ембімұнайэнерго» басқармасы)

Армрестлинг (ерлер, +80 кг)

І орын – Сырымбек Сәрсенбай («Жылыоймұнайгаз» МГӨБ)

ІІ орын – Аманбай Шабай («Ембімұнайэнерго» басқармасы)

ІІІ орын – Тұңғышбек Қаділжан («Жайықмұнайгаз» МГӨБ)

Арқан тарту

І орын – «Қайнармұнайгаз» МГӨБ

ІІ орын – «Жайықмұнайгаз» МГӨБ

ІІІ орын – «Доссормұнайгаз» МГӨБ

Футзал

І орын – «Доссормұнайгаз» МГӨБ

ІІ орын – «Ембімұнайэнерго» басқармасы

ІІІ орын – «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ

«Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс тобы

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: 8 (7122) 99-32-09
Индира САТЫЛҒАНОВА
 І.Satylganova@emg.kmgep.kz тел: 8 (7122) 99-34-66

Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы»  АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТҚжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады.