Ембілік мұнайшылар Рамазан айында балалардың тілегін орындады

05 сәуір, 2024

«Ембімұнайгаз» АҚ  (бұдан былай Компания немесе ЕМГ) қасиетті Рамазан айында «Бала тілегі» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Орталық басқару аппаратының ұжымы, Компания   мен өндірістік құрылымдық бөлімшелердің басшылығы Атырау облыстық арнаулы мектеп-интернатының 75 тәрбиеленушісінің тілегін орындады. Аталмыш мектеп-интернатта 140-қа жуық есту мен көру қабілеттері төмен, психикалық дамуында тежеу бар балалар білім алуда.

Акцияның аясында арнаулы мектеп-интернатта «тілек жәшігі» орнатылып, оған бастауыш сынып оқушылары өздерінің тілектері көрсетілген хаттарын салды. Хаттар ЕМГ басқармалары мен департамент ұжымдарына таратылды. Балалар өздерінің хаттарында негізінен мектеп формасы,  спорттық және  мен аяқ киімдерден көмек сұрапты.

Айта кету керек, Компания ұжымы баланың хатында көрсетілген тілекпен тоқтамады, балаларға қажетті қосымша заттармен де толықтырды. Бұдан өзге, Ембі мамандары өз бастамаларымен балаларға футбол добын, көру қабілеттері төмен балаларға  арнайы дайындалатын Брайля қағазын және тәттілер тарту етті.

- «Ембімұнайгаз» АҚ ұжымы үшін Рамазан айында қайырымдылық шарасын ұйымдастыру дәстүрлі шара. Биылғы шараның ерекшелігі кішкене балаларға арналғандығы. Бүлдіршіндердің қалауына сай көмектер ұйымдастырылды. Акцияға үлес қосып, мейірімділік көрсеткен  барша ембілікке алғыс айтамын,- деп атап өтті «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директорының экономика  және қаржы жөніндегі орынбасары Рысты Тасмағамбетова

Сыйлықтар балаларға Рамазан айында- Қадір түні қарсаңында табысталды.

Балалар мұнайшы аға-апаларына деген өздерінің алғыстарын өнерлерімен білдірді. Концерттік бағдарламаларын ұсынып, мерекенің сәнін арттырды.

Қоғаммен байланыс тобы
БАҚ-пен байланыс үшін:

Ғалия ҚАРАЖАНОВА: G.Karajanova@emg.kmgep.kz, +7 (7122) 99-34-21
Индира САТЫЛҒАНОВА: І.Satylganova@emg.kmgep.kz, +7 (7122) 99-34-66

Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ - «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен-Атырау-Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы «Qazaq Gaz» ҰК» АҚ арқылы жүзеге асады.  «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2022 жыл аралығында Ұлттық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 472 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға - 5 млрд 640 млн теңгеге жуық қаражат аударды.