Адамдарды басқарудың жаңа бағдары талқыланды

09 ақпан, 2024

8-9 ақпан күндері «Ренессанс» қонақүйінің конференц-залында «Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) қызметкерлерді басқару және еңбекке ақы төлеу блогы қызметкерлерінің дәстүрлі семинар-кеңес өтті.

- Өткен 2023 жыл жалпы «Ембімұнайгаз» компаниясы үшін табысты жыл болды. Белгіленген мұнай өндіру жоспарын артығымен орындауға қол жеткіздік. Бұл табыста кадр саласы қызметкерлерінің де қосқан үлесі зор. Осы орайда, кадрлар бөліміне биылғы жылғы тиімді жұмысы үшін алғыс айтамын және бірлескен мүдде арқасында жаңа жетістіктерді бағындыратынымызға сенімдімін, - деп атап өтті ЕМГ Бас директоры Сәбит АРЫНОВ.

Форум барысында Компанияның барлық 6 өндірістік құрылымдық бөлімшесінің кадр қызметінің жетекшілері презентация таныстырды.   

- Біз кәсіби өсу үшін әр жұмыскерге тең жағдай жасап, жоғары нәтижелерге, жаңа білім алуға ұмтылған қызметкерлерді бағалаймыз және өз тарапымыздан қолдауды аямаймыз. Себебі, білікті кадр – кәсіпорнымыздың ғана емес, еліміздің тірегі, - деп атап өтті ЕМГ Бас директорының кадр және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Қайрат ӘБЕНОВ.

Есептік баяндама кезінде ЕМГ қызметкерлерді басқару және еңбекке ақы төлеу департаментінің директоры Бекет ГУБАЙДУЛЛИН жиынға қатысушыларды қызметкерлерді дамыту функционалдық стратегиясының барлық бағыттары бойынша HR-бөлімі қызметінің жұмысымен таныстырып, өткен жылғы нәтижелерді баяндады. Барлық кадр қызметінің жетекшілерінің баяндамаларын қорытындылап, кейбір бөлімшелердің жетістіктеріне тоқталды.  Мамандарға атқарған жұмыстары үшін алғыс білдіріп, сонымен қатар,  өзге мұнай-газ компаниялары тарапынан жоғары бәсекелестіктің және әлемдік даму жағдайларына байланысты HR-бөлімі қызметінің тиімділігін арттырудың маңыздылығына тоқталды.

Семинар-кеңес  лектор Мөлдір Қамзина өткізген «Адамдарды басқару», «Стратегиялық HR менеджментінің композициясы», «Компанияның HR саясатына талдау», «Талант-менеджмент, құзыреттерді басқару» семинар-тренингтеріне жалғасты. Тренинг барысында қатысушылар түрлі стратегиялық құралдарымен танысып, жеке тиімділікті арттыру, жеке және ұжымдық жұмыстың сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар жасалды.

     

«Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс тобы

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: 8 (7122) 99-32-09
Индира САТЫЛҒАНОВА
 І.Satylganova@emg.kmgep.kz тел: 8 (7122) 99-34-66

Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы»  АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады.