«Ембімұнайгаз» АҚ 2023 жылдың қорытындысы бойынша үздік қызметкерлерді анықтады

28 желтоқсан, 2023

Кадрлық потенциалдың сапасы мен қызметкерлерді дамытуға қатысты озық жүйелерді дамытуды басым құндылықтардың бірі ретінде айқындаған «Ембімұнайгаз» АҚ-да (бұдан әрі – ЕМГ немесе Компания) дәстүрлі «Жыл үздігі-2023» салтанатты шарасы өтті. 

Үздік қызметкерлер жыл ішінде жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша анықталды. Ал, озаттардың есімі аталатын «Жыл үздігі-2023» шарасы - жылдың қорытындысы.  

Шарада 10 номинация бойынша жеңімпаздарға статуэткалар тапсырылды. Үздіктерді анықтау барысында қызметкердің жалпы еңбек өнімділігінің көрсеткіштері, өндірістік тапсырмалардың тұрақты орындалуына қосқан жеке үлесі, кәсіби шеберлік деңгейі, қауіпсіздік техникасы саласы талаптарының қатаң сақталуы жолындағы үлесі, ұжымдағы беделі және рационализаторлығы секілді бірнеше мәселелер негізге алынып, сараланды.

«Жыл үздігі» байқауы – кәсіби шеберлікті және өндіріс процесіне ерекше үлес қосқан қызметкерлерді анықтау үшін қолға алынған жоба. 2020 жылы бастау алған аталмыш жоба биыл төртінші рет ұйымдастырылуда. Табысты еңбекке берілетін «Жыл үздігі» марапаты үздік қызметкерлерді анықтап қана қоймайды. Бұл – мамандарды ынталандыру мақсатында  үлкен мотивация деп бағалаймыз. Қызметкерлердің күнделікті жұмысын табысты орындау жолындағы  белсенділіктері басшылық тарапынан әркез ескеріліп, жоғары марапаттарға лайық деп бағаланады. «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы үшін басты құндылық – еңбек адамының жағдайын жақсарту. Біз бұл ойды әрдайым айтып жүреміз. Іс жүзінде дәлелдеп те жүрміз. Бүгінгі шара – соның айғағы» деді «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры Сәбит Арынов.

«Ембімұнайгаз» АҚ  ұжым тұрақтылығы, ұрпақтар сабақтастығының сақталуы, корпоративтік құндылықтардың тұтастығы және қызметкерлердің нәтижелі еңбегін әрқашан басым бағыттар ретінде айқындап, осы бағытта жұмыстанады. Тарих қойнауына енетін 2023 жылда қазақ мұнайының қара шаңырағы саналатын Компания 101 жылдықты еңсерді.

Номинациялар  бойынша жеңімпаздар:

  • «Жыл тануы» – Дүйсембай Ержанғалиев, «Доссормұнайгаз» МГӨ басқармасының № 1 Ботақан мұнай және газ өндіру цехының мұнай және газ өндіру операторы;
  • «Жылдың үздік топ-менеджері» – Қайрат Көзов, «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директорының геология және игеру жөніндегі орынбасары;
  • «Жылдың үздік менеджері» – Нұрбол Махамбетов, бас бухгалтер;
  • «Жылдың үздік менеджері» – Жәнібекбай Төлегенов, бас энергетик;
  • «Жылдың үздік менеджері» – Әділ Шагилбаев, бас механик;
  • «Жыл басшысы» – Асхат Атрауов, «ӨТҚжЖК» басқармасының бас инженері;
  • «Үздік цех бастығы» – Қамбар Жулаев, «Доссормұнайгаз» МГӨБ Доссордағы мұнайды дайындау және айдау цехының бастығы;
  • «Үздік цех бастығы»  – Жансерік Сәкенов, «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ газ дайындау және күкірт алу цехының бастығы;
  • «Үздік цех бастығы» – Әділжан Қадралиев, «Жайықмұнайгаз» МГӨБ №3 мұнай және газ өндіру цехының бастығы;
  • «Үздік цех бастығы» – Еркін Әбдеш, «Қайнармұнайгаз» МГӨБ мұнай дайындау және айдау цехының бастығы;
  • «Үздік цех бастығы» – Нұрқуат Тілепов, «Ембімұнайэнерго» басқармасы «Жайық» АЭТ бастығы;
  • «Үздік цех бастығы» – Дастан Қайырғалиев, «ӨТҚжЖК» басқармасының ТМҚ бақылау жүргізу учаскесінің бастығы;
  • «Үздік шебер» – Әлібек Ғабдулғазиев, «Доссормұнайгаз» МГӨБ №3 Шығыс Мақат МГӨЦ №1 бригадасының мұнай-газ және конденсат өндіру шебері;
  • «Үздік шебер» – Серік Жұмағалиев, «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ Прорвадағы ұңғыларды жерасты жөндеу цехының ұңғыларды жөндеу шебері (күрделі, жерасты);
  • «Үздік шебер»  – Темірболат Калидуллин, «Жайықмұнайгаз» МГӨБ №3 МГӨЦ мұнай-газ өндіру және конденсат шебері;
  • «Үздік шебер» – Жомарт Мекебаев, «Қайнармұнайгаз» МГӨБ ұңғымаларды жерасты жөндеу цехының (күрделі, жерасты) ұңғымаларды жөндеу шебері;
  • «Үздік тәлімгер» – Гүлнар Көшкімбаева, «Доссормұнайгаз» МГӨБ Мақат мұнай дайындау және айдау цехының инженер-химигі;
  • «Үздік қызметкер» – Елена Маврешко, Маркетинг және өткізу бөлімінің жетекші маманы;
  • «Үздік рационализатор» – Нұрпейіс Қарабалаев, «Ембімұнайэнерго» басқармасы «Құлсары» АЭТ учаске бастығы;
  • «Жыл серіктесі» – Дінмұхамед Шәріпбаев, «Қазмұнайгаз-Бұрғылау» БК ЖШС Бас директоры.  

БАҚ-пен байланыс үшін:

Индира САТЫЛҒАНОВА: І.Satylganova@emg.kmgep.kz, +7 (7122) 99-34-66
Гүлжан ӘмІрова:
G.Amirova@emg.kmgep.kz, +7 (7122) 99-32-09

Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ - «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен-Атырау-Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы «Qazaq Gaz» ҰК» АҚ арқылы жүзеге асады.  «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2022 жыл аралығында Ұлттық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 472 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға - 5 млрд 640 млн теңгеге жуық қаражат аударды.