Ембімұнайгаз - үздік салық төлеуші

19 желтоқсан, 2023

2022 жылдың қорытындысы бойынша «Ембімұнайгаз» АҚ «Үздік салық төлеуші» байқауында «Жер қойнауын пайдаланушы» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Тәулесіздік күні қарсаңында Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде жеңімпаздарға диплом мен статуэтка тапсыру шарасы өтті.

Атап өткен жөн, 2022 жылы «Ембімұнайгаз» АҚ Ұлттық қорға, республикалық және жергілікті бюджетке барлығы 161 миллиард теңге салықтар мен төлемдер аударды.

Байқаудағы жеңіс үшін алғыс білдірген «Ембімұнайгаз» АҚ бас бухгалтеры Нұрбол Махамбетов салық міндеттемелерін сапалы және уақытылы орындау «Ембімұнайгаз» АҚ басшылығы мен жауапты мамандарының үйлесімді және кәсіби жұмысының нәтижесі екенін атап өтті.

Бұл аталымда үздік салық төлеуші төмендегідей критерийлер бойынша сараланатынын айта кетелік:         

  • бюджетке салықтар мен әлеуметтік төлемдердің уақытылы түсуі;
  • салық берешегі жоқ;
  • салық міндеттемелерінің бұзылмауы;
  • салық бойынша айыппұл салынбауы;
  • салық хабарламаларын уақытылы ресімдеу;
  • салық есептілігін уақытылы және сапалы ұсыну;
  • демеушілік және қайырымдылық шаралары және т.б.

БАҚ-пен байланыс үшін:

Ғалия ҚАРАЖАНОВА: G.Karajanova@emg.kmgep.kz, +7 (7122) 99-34-21.
Индира САТЫЛҒАНОВА:
І.Satylganova@emg.kmgep.kz, +7 (7122) 99-34-66.

Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ - «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен-Атырау-Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2022 жыл аралығында Ұлттық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 472 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға - 5 млрд 640 млн теңгеге жуық қаражат аударды.